Болгарияда Абай барельефі ашылды
Қазақстанның Болгариядағы Елшілігінің бастамасымен және ұсынысымен, сондай-ақ «Память Болгарии - братьев Диневи» атты қорының қолдауымен қазақ халқының ұлы ақыны, философы, ағартушысы Абайдың 175 жылдығына орай Свети Влас қаласында танымал тұлғалар Аллеясында Абай барельефінің ресми ашылу рәсімі өтті, деп хабарлайды Елорда Инфо.
Іс-шараға Қазақстанның Болгариядағы Елшісі Теміртай Ізбастин, Болгарияның бұрынғы Сыртқы істер министрі және жергілікті атлантикалық клубының жетекшісі Соломон Пасси, Свети Влас қаласы әкімшілігінің (Мэрия) өкілі, «Память Болгарии - братьев Диневи» атты қорының басшылары Динко және Йордан Диневтар, Болгар телеграф агенттігінің төрағасы Максим Минчев, Болгария СІМ жанындағы мәдени орталығының басшысы Снежана Йовева, тарихшы және этнограф Стоян Райчевский және отандастарымыз қатысты.
[caption id="attachment_30267" align="alignnone" width="1280"] Фото: ҚР СІМ[/caption]
Іс-шараны ашу барысында Елші Абайдың 175 жылдық мерейтойы тек Қазақстанда емес, әлемнің көптеген елдерінде тойланып жатқанын және Абай Құнанбайұлы қазақ ұлты жаңа әдебиетінің негізін қалаушысы, орыс көрнекті ақындары А.Пушкиннің, М.Лермонтовтың, И.Крыловтың шығармаларын аударушы және композитор ретінде ел тарихында өшпес із қалдырғандығын, сондай-ақ барельефтің ашылуы екі ел арасындағы мәдениетаралық ынтымақтастықтың одан әрі дамуына септігін тигізетінін атап өтті.
Болгарияның тарихшысы және этнографы С.Райчевский Абай Құнанбайұлы тек Орта Азиядан емес, жалпы әлемде белгілі, әмбебап тұлға деп атап өтті. Сонымен қатар, Абай барельефі Васил Левски, Христо Ботев, адмиралдар Федор Ушаков және Горацио Нельсон, Ганс Христиан Андерсен, Джузеппе Гарибальди, Джанюариус Магкахан, Шандор Петефи, француз маршалы Филипп де Клерк, Фридрих Шилер сияқты басқа елдердің танымал тұлғалардың барельефтері арасында өзінің лайықты орнын тапқанына тоқталып өтті.
Йордан Динев Болгарияда Абайдың барельефін орнатуға байланысты ризашылығын білдіріп, Абай барельефінде жазылған 37 қара сөз – «Адам баласын заман өсіреді, кімде-кім жаман болса, оның замандасының бәрі кінәлі» – бүгінгі күнге дейін өзекті екендігін мәлімдеді.
Сонымен қатар, Болгарияның бұрынғы Сыртқы істер министрі С.Пасси ҚР Елшілігі ұйымдастырып отырған іс-шараның маңыздылығын атап өтіп, Болгария мен Қазақстан арасындағы дипломатиялық қатынастар 28 жыл бұрын басталғанын, бірақ іс жүзінде қатынастар 1 300 жыл бұрыннан келе жатқанын, яғни Болгарлардың шыққан жері Орта Азия екендігін мәлімдеді.