Ералы Тоғжанов елорданың кәсіпкерлік нысандарын аралап шықты
ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов Нұр-Сұлтан қаласының бірқатар кәсіпкерлік нысандарын аралады, деп хабарлайды Елорда Инфо тілшісі.
Вице-премьер бастаған делегация алдымен «Сапаржай» автовокзалында болды.
«Өткен жылы біз 10 мың жолаушыға қызмет көрсеттік. Карантин кезінде жолаушылар ағыны күніне 500 адамға дейін болды. Қазір жұмыс тоқтатылды, вокзалдың барлық 74 қызметкері үйде отыр. Бәрі 42 500 теңге төлем алды. Біз барлық санитарлық нормаларды сақтаймыз: термометрия, автобустарды желдету жүргізіледі, санитайзерлер бар», — деді «Сапаржай» автовокзалының директоры Әлібек Мұсахметов.
ҚР Бас санитарлық дәрігері Айжан Есмағамбетованың айтуынша, қалааралық автобустардың толтырылуы жалпы отырғызу орындарының 75%-ын құрауы тиіс. Бұл ретте автобуста барлық қажетті талаптар сақталуы керек: желдету, жеке қорғаныш құралдарының болуы, дезинфекциялау және термометрия.
«Біз талаптарды кезең-кезеңмен жеңілдетеміз. Инфекция жағдайлары болған алдыңғы тәжірибеге талдау жасаңыз. Кіре берісте әрқайсысын тексеру керек. Санитарлық дәрігермен алдағы әрекеттерді келісу қажет. Қазір бұл азаматтардың қауіпсіздігі, олардың денсаулығы ең құнды. Біраз адамнан айрылдық, бұл оңай емес», — деді Ералы Тоғжанов.
Вице-премьер осыдан кейн «Астана» базарын аралап шықты. Ералы Тоғжанов базарды тексеріп, санитарлық нормалардың сақталуын жақсартуды тапсырды.
«Олар белгілеген режим сай келмейді, мұнда стационарлық тепловизорлар қою керек. Себебі базардағы барлық адамды бір-бірден бақылау мүмкін емес. Кіре берісте дезинфекциялау тоннельдерін орнату қажет», — деді вице-премьер.
Сондай-ақ, Ералы Тоғжанов «Space Fitness» фитнес-орталығының жұмысымен танысып шықты.
Фитнес орталығының директоры Анастасия Егорованың айтуынша, барлық қауіпсіздік нормалары қарастырылған, сонымен қатар олар коронавирустан емделіп шыққан адамдар үшін оңалту орталығын ашуға ниет білдірді.
«Біз қазір оңалту орталығын салғымыз келеді, онда коронавирустан емделіп шыққан 400 ересек пен 200 баланы қабылдай аламыз», — деді фитнес орталығының директоры.
Өз кезегінде Ералы Тоғжанов бұл идеяны қолдап, бүкіл Қазақстан бойынша қолдау акциясын іске қосуды тапсырды.
«Мұндай құрылымдарды қолдау керек. Барлық фитнес орталықтары оңалту бойынша жұмыс істеуі қажет. Мұндай акцияны бүкіл Қазақстан бойынша жасауға болады. Азаматтардың сауығуына ықпал ететін нысандарды қолдауымыз керек. Қауіпсіздік талаптарын күшейткен дұрыс. Осылайша біз адамдарға спортпен шұғылдануға мүмкіндік береміз», — деді Тоғжанов.
Жиылған топ барған соңғы нысан «Пинта» бары болды. Желі директоры Кристина Гриханова атап өткендей, барлық санитарлық нормаларды клиенттер де, қызметкерлері де сақтайды.
«Бізге ең бастысы, қонақтарды ішке отырғызуға рұқсат беру керек, өйткені елорданың ауа-райы ылғи есік алдында отыруға келмейді. Қазір залда 30 отыратын орын бар», — деді бар директоры.
Вице-премьер бұл ұсынысқа түсіністік танытты, алайда мекемелерде отбасылық іс-шараларды өткізбеуді талап етті.
«Мекемеде отбасылық, салтанатты, есте қаларлық іс-шаралар өткізілмеуі тиіс. Біз бәріміз санитарлық нормаларды қатаң сақтауымыз керек», — деп түйіндеді Премьер-Министрдің орынбасары.
-->ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов Нұр-Сұлтан қаласының бірқатар кәсіпкерлік нысандарын аралады, деп хабарлайды Елорда Инфо тілшісі.