Коронавирустан емделуге қажет дәрі-дәрмектер ақысыз беріледі
Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Бағдат Қожахметов коронавирус инфекциясынан емделуге қажет дәрі-дәрмектер бар екенін мәлім етті, деп хабарлайды Елорда Инфо тілшісі. «Вирус жұқтырдым деп күдіктенсеңіз тіркелген емханаңызға барып қаралсаңыз болады. Егер вирус жұқтырғаныңыз анықталса бұрынғыдай дәріхана жағалап жүрмей-ақ қойыңыз. Барлық емханаларда қажеті дәрі-дәрмектер бар және сіздерге ақысыз беріледі. Атап айтқанда ауруды асқындырмай, алдын алуға қажетті парацетомол, ибупрофен және басқа да препараттар аптаның соңына дейін еліміздегі барлық емханаларға жеткізіледі. Аймақтарға жөнелту дәл қазір СК «Фармация» компаниясында жүріп жатыр», - дейді Қожахметов. Айта кетейік, ол онлайн жиында бірыңғай дестрибьютор 8,7 млрд теңге болатын 91 түрлі дәрі-дәрмек өңірлерге жөнелтілгенін мәлім еткен болатын.
-->Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Бағдат Қожахметов коронавирус инфекциясынан емделуге қажет дәрі-дәрмектер бар екенін мәлім етті, деп хабарлайды Елорда Инфо тілшісі. «Вирус жұқтырдым деп күдіктенсеңіз тіркелген емханаңызға барып қаралсаңыз болады. Егер вирус жұқтырғаныңыз анықталса бұрынғыдай дәріхана жағалап жүрмей-ақ қойыңыз. Барлық емханаларда қажеті дәрі-дәрмектер бар және сіздерге ақысыз беріледі. Атап айтқанда ауруды асқындырмай, алдын алуға қажетті парацетомол, ибупрофен және басқа да препараттар аптаның соңына дейін еліміздегі барлық емханаларға жеткізіледі. Аймақтарға жөнелту дәл қазір СК «Фармация» компаниясында жүріп жатыр», - дейді Қожахметов. Айта кетейік, ол онлайн жиында бірыңғай дестрибьютор 8,7 млрд теңге болатын 91 түрлі дәрі-дәрмек өңірлерге жөнелтілгенін мәлім еткен болатын.