Қазақстанда кавасаки ауруын жұқтырған 3 сәби бар – Денсаулық сақтау министрлігі
ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Бағдат Қожахметов онлайн брифингте еліміздегі кавасаки дертіне шалдыққан 3 баланың Нұр-Сұлтан, Алматы, Петропавл қалаларынан екенін айтты, деп хабарлайды Елорда Инфо. «13 наурызда елімізде ең алғашқы коронавирус инфекциясын жұқтырған науқас анықталғаннан бері 2,5 мың бала осы инфекцияны жұқтырса, қазіргі уақытта 114 бала ел ауруханаларында ем алып жатыр. Соның ішінде кавасаки дертіне шалдыққан 3 сәби бар елімізде. Олар - Нұр-Сұлтан, Алматы, Петропавл қалаларынан. Олардың жағдайы әртүрлі. Нұр-Сұлтан қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы басшылығының айтуынша, елордадағы сәбидің жағдайы тұрақты. Бұл жөнінде алдағы уақытта толығырақ қосымша жауап беретін боламыз. Жалпы, бұл – өте сирек кездесетін ауру», – деді Б.Қожахметов.
-->ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Бағдат Қожахметов онлайн брифингте еліміздегі кавасаки дертіне шалдыққан 3 баланың Нұр-Сұлтан, Алматы, Петропавл қалаларынан екенін айтты, деп хабарлайды Елорда Инфо. «13 наурызда елімізде ең алғашқы коронавирус инфекциясын жұқтырған науқас анықталғаннан бері 2,5 мың бала осы инфекцияны жұқтырса, қазіргі уақытта 114 бала ел ауруханаларында ем алып жатыр. Соның ішінде кавасаки дертіне шалдыққан 3 сәби бар елімізде. Олар - Нұр-Сұлтан, Алматы, Петропавл қалаларынан. Олардың жағдайы әртүрлі. Нұр-Сұлтан қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы басшылығының айтуынша, елордадағы сәбидің жағдайы тұрақты. Бұл жөнінде алдағы уақытта толығырақ қосымша жауап беретін боламыз. Жалпы, бұл – өте сирек кездесетін ауру», – деді Б.Қожахметов.