Елорда жаңалықтары

Бірыңғай дестрибьютор 8,7 млрд теңге болатын 91 түрлі дәрі-дәрмекті өңірлерге жөнелтті

Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Бағдат Қожахметов КВИ бойынша науқастарға қолданылып жатқан дәрі-дәрмектерді жеткізу жайлы мәлім етті, деп хабарлайды Елорда Инфо тілшісі. «Провизорлық орталықтарда жедел әрекет ету жүйесінің медициналық қызметкерлерді дайындаудан бөлек дәрі-дәрмек қорын толтыру бойынша ауқымды жұмыс атқарылуда. Коронавируспен және оған ұқсас белгілері бар пневмониямен сырқаттанған науқастар үшін алдын ала бір айлық қорға есептелген препараттар сатып алынды. Қазіргі уақытта осы жұмысқа жауапты бірыңғай дестрибьютор жалпы құны 8,7 млрд теңге болатын 91 түрлі дәрі-дәрмекті өңірлерге жөнелтті. Бұл орташа есеппен 40 мың науқасты қамтуға жетеді. Бес күннен кейін, яғни 15 тамыздан бастап тағы да екі айға жетерлік қор әзірленеді», - дейді Бағдат Қожахметов. Ол өз сөзінде алғаш рет қабылданып отырған шара туралы қозғап өтті. «Нақтылап айтатын болсақ, стационардағы 200 мың науқасты емдеуге жететін дәрі-дәрмектің 50 түрі әзірленді. Сонымен қатар, амбулаторлық жағдайда ем алатын 1 млн науқасты емдеуге белгіленген дәрі-дәрмектің 5 түрін сатып алу үрдісі аяқталуда. Айта кетерлік, бізде дәл осындай ауқымды шаралар алғаш рет қабылданып отыр», - дейді Денсаулық сақтау министрлігінің өкілі.

-->