Елорда жаңалықтары

Жеңіс күні: Елордалық ардагерлерге 1 миллион теңгеден беріледі

9 мамырға ақшалай төлемдер ардагерлердің жесірлеріне, тыл еңбеккерлеріне және басқа да бірқатар санатқа қарастырылған, деп хабарлайды Елорда Инфо тілшісі әкімдіктің ресми сайтына сілтеме жасап. 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 75 жылдығын мерекелеуге байланысты Нұр-Сұлтанда соғысқа қатысушылар мен мүгедектер 1 млн теңгеден алады. Қазіргі таңда елордада 44 соғыс ардагері бар. Сонымен қатар, тыл еңбеккерлері, қайтыс болған соғыс мүгедектері және қатысушыларының әйелдері, жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша ардагерлерге теңестірілген барлық адам бір жолғы ақшалай төлем алады. Атап айтқанда, жеңілдіктер және кепілдіктер бойынша соғысқа қатысушылар мен мүгедектерге теңестірілген адамдарға – 75 мың теңгеден (405 адам), жеңілдіктер және кепілдіктер бойынша соғысқа қатысушыларға теңестірілген адамдарға, оның ішінде қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына, соғыс жылдарында мерт болған ардагерлердің жесірлеріне, тыл еңбеккерлеріне – 32 500 теңгеден (3 529 адам) біржолғы ақшалай төлем қарастырылған.

-->