Соңғы 10 тәулікте 13 280 адам КВИ жұқтырды
Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Бағдат Қожахметов коронавирус инфекциясы бойынша соңғы 10 тәуліктегі көрсеткішке тоқталып өтті, деп хабарлайды Елорда Инфо тілшісі. «Тамыз айының алғашқы 10 тәулігінде ПТР сынақтың теріс нәтижесі бар коронавирустық инфекция диагнозымен 13 280 адам тіркелді. Олардың арасында 164 адам қайтыс болды. Жалпы тәулікте 159 науқас тіркелді. Соның ішінде 12 науқас өкінішке қарай қайтыс болды», - дейді министрлік өкілі. Айта кетейік, 13 наурыздан бүгінге дейін 99 442 адам инфекция жұқтырған болатын.
-->Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Бағдат Қожахметов коронавирус инфекциясы бойынша соңғы 10 тәуліктегі көрсеткішке тоқталып өтті, деп хабарлайды Елорда Инфо тілшісі. «Тамыз айының алғашқы 10 тәулігінде ПТР сынақтың теріс нәтижесі бар коронавирустық инфекция диагнозымен 13 280 адам тіркелді. Олардың арасында 164 адам қайтыс болды. Жалпы тәулікте 159 науқас тіркелді. Соның ішінде 12 науқас өкінішке қарай қайтыс болды», - дейді министрлік өкілі. Айта кетейік, 13 наурыздан бүгінге дейін 99 442 адам инфекция жұқтырған болатын.