Елорда жаңалықтары

Оған таң қалмаңыздар – Қожахметов өткен жылмен салыстырғанда елдегі өлім-жітімнің азайғанын мәлімдеді

Еліміздегі өлім-жітім саны өткен жылмен салыстырғанда азайған. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрінің ресми өкілі Бағдат Қожахметов онлайн брифингте мәлімдеді, деп хабарлайды Елорда Инфо. «Карантиннің 5 аптасында, яғни шілде айының басынан бастап ауруханалардың 60 пайызы босады. Соның ішінде жансақтау бөліміндегі орындар саны 58 пайызға босап отыр. Жедел жәрдемге де хабарласатындар саны едәуір азайды. Ал коронавирус инфекциясы бойынша жүгінетіндер саны 68 пайызға төмендеді. Инфекциядан жазылып шыққандар саны 73 пайызға жетті», – деді министрлік өкілі. Оның айтуынша, еліміздегі өлім-жітім өткен жылмен салыстырғанда оң нәтиже көрсеткен. «Жалпы, ауру жұқтырғандар мен өлім-жітім саны өткен жылмен салыстырғанда оң нәтиже көрсетіп отыр. Оған таң қалмаңыздар. Бала туу көрсеткішінде де айтарлықтай өсім бар. Керісінше, нәрестелер өлімі елімізде 13,3 пайызға төмендеді. Сонымен қатар тағы бір жағымды жаңалық туберкулез дертінен өлім құшатын жағдай еліміз бойынша 21 пайызға азайған», – деді ол.

-->