Елорда жаңалықтары

КВИ мен пневмония көрсеткіші біріктірілгелі бері еліміз әлемдік рейтингте бір сатыға көтерілді

Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Бағдат Қожахметов коронавирустың күзгі толқынына дайындық жасалғанын мәлім етті, деп хабарлайды Елорда Инфо тілшісі. «Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының ұсынуы бойынша 1 тамыздан бастап коронавирустық инфекция және оған ұқсас белгілері бар пневмония деректерінің статистикасын қатарға қостық. Осыдан кейін еліміз індеттің таратылу көрсеткіші бойынша әлемдік рейтингте 1 сатыға ғана көтерілді. Бұған дейін біз 27-орында болсақ, қазір 26-орынға тұрақтадық. Бірақ бұл көрсеткішке қарап, жігерді жасытуға болмайды. Біз үшін ең маңыздысы күресті күшейтіп, жағдайды одан ары жақсарту», - дейді Денсаулық сақтау министрлігінің өкілі. Ол өз сөзінде күзгі толқынға қажетті дайындық бар екенін тілге тиек етіп өтті. «Қабылданған шаралардың нәтижесінде қазір қолымызда жан-жақты сараланған мәліметтер бар. Бұл бізге болашаққа жоспар құрып, алдын ала дайындалуға мүмкіндік береді. Яғни індеттің күзде күтілетін жаңа толқынына қарсы тұру үшін материалды және адами ресурстарды толығымен дайындауға жағдай жасалды», - дейді Б.Қожахметов.

-->