Елорда әкімі энергетиктерге алғысын білдірді
Қала әкімі Алтай Көлгінов жылыту маусымында үздіксіз жұмыс істегені үшін энергетиктерге алғысын білдірді. Бұл туралы Елорда Инфо қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды. Қала әкімінің тапсырмасына сәйкес 1 мамырдан бастап "Астана Энергия" АҚ қызметкерлерінің еңбекақысы 10%-ке өседі. Сәуір айында қызметкерлерге сыйақы берілді. "Еліміздің астанасы әлемдегі ең суық астаналардың қатарына жатады. Нұр-Сұлтан қаласының тұрғын үйлері мен ғимараттарын, әлеуметтік нысандарын жылумен қамтамасыз етуге атсалыстыңыздар. Қыс мезгілі әрдайым сынақ. Қала мен халық санының өсу қарқынын ескере отырып, энергия көздеріне түсетін жүктеме де артады. Қазір ЖЭО-1 мен ЖЭО-2 газға көшірумен, ЖЭО-3 құрылысымен айналысып жатырмыз. Бұл жұмыстар келесі жылыту маусымында да үйлерге дәл осылай үздіксіз жылу беруге көмектеседі. Еңбегіңізді жоғары бағалаймыз. Жылыту маусымының аяқталуына орай, атқарған қажырлы еңбегіңіз үшін алғысымды білдіремін!", - деді қала әкімі Алтай Көлгінов. Елорда әкімі ЖЭО-1 және ЖЭО-2 газға көшіру жұмыстарының барысымен танысты. Алтай Көлгінов алдағы жылыту маусымында жылу электр орталықтары қаланы газбен жылытуға дайын болу керектігін айтты.
-->Қала әкімі Алтай Көлгінов жылыту маусымында үздіксіз жұмыс істегені үшін энергетиктерге алғысын білдірді. Бұл туралы Елорда Инфо қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды. Қала әкімінің тапсырмасына сәйкес 1 мамырдан бастап "Астана Энергия" АҚ қызметкерлерінің еңбекақысы 10%-ке өседі. Сәуір айында қызметкерлерге сыйақы берілді. "Еліміздің астанасы әлемдегі ең суық астаналардың қатарына жатады. Нұр-Сұлтан қаласының тұрғын үйлері мен ғимараттарын, әлеуметтік нысандарын жылумен қамтамасыз етуге атсалыстыңыздар. Қыс мезгілі әрдайым сынақ. Қала мен халық санының өсу қарқынын ескере отырып, энергия көздеріне түсетін жүктеме де артады. Қазір ЖЭО-1 мен ЖЭО-2 газға көшірумен, ЖЭО-3 құрылысымен айналысып жатырмыз. Бұл жұмыстар келесі жылыту маусымында да үйлерге дәл осылай үздіксіз жылу беруге көмектеседі. Еңбегіңізді жоғары бағалаймыз. Жылыту маусымының аяқталуына орай, атқарған қажырлы еңбегіңіз үшін алғысымды білдіремін!", - деді қала әкімі Алтай Көлгінов. Елорда әкімі ЖЭО-1 және ЖЭО-2 газға көшіру жұмыстарының барысымен танысты. Алтай Көлгінов алдағы жылыту маусымында жылу электр орталықтары қаланы газбен жылытуға дайын болу керектігін айтты.