Елорда жаңалықтары

Мүмкіндігі шектеулі жандардың бетперде тақпауына болады – министрлік

ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Бағдат Қожахметов онлайн брифингте мүмкіндігі шектелі жандардың бетперде тақпай-ақ қоюына болатыны туралы айтты, деп хабарлайды Елорда Инфо. «Бетпердені мүмкіндігі шектеулі жандар және денсаулығы сыр берген балалар тақпай-ақ қойса болады. Негізі ата-аналар осы туралы растайтын құжаттарды өзімен алып жүргені дұрыс. Дегенмен ол құжат болмаған жағдайда санитарлық инспекция мен полицейлерден тұратын мониторингтік топ мүшелері түсіністік танытатын болады», – деді Қожахметов. Сондай-ақ министрлік өкілі 5 жасқа дейінгі балалар мен ашық аспан астында денешынықтырумен айналысатын 5 адамға дейін бетперде тақпауына болатынын еске салып өтті.

-->