Елорда жаңалықтары

Денсаулық сақтау министрлігі медициналық қызметті ең көп бұрмалаған өңірді атады

Денсаулық сақтау министрлігі Damumed ақпараттық жүйесі арқылы медициналық қызмет көрсетілмеген деректерге қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Елорда Инфо. «Бұл бұрмалаумен біз үнемі бетпе-бет келеміз. Азаматтарымыздың белсенділігінің арқасында, қоғамдық бақылаудың арқасында біз, біріншіден, ашықтықты қамтамасыз ете аламыз. Екіншіден, мұндай жағдайдың алдағы уақытта қайталанбауының алдын ала аламыз. Денсаулық сақтау министрлігі, Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры осындай жағдайды мүлде болдырмауды қолға алатын болады», – деді Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Бағдат Қожахметов ОКҚ-да өткен брифингте. Оның айтуынша, биылғы бірінші жартыжылдықта осындай 13,5 мың дерек тіркелген. «Қордан аударылған барлық қаржы осы жалған өтінімдерге аударылды. Әрине, 3 есе көп мөлшерде қайтарылды. Сондықтан қор салымшылары өз қаржыларының сақталуына алаңдамаса да болады», – деді министрлік өкілі. Соның ішінде осындай бұрмалаудың ең жоғары көрсеткіші Маңғыстау, Солтүстік Қазақстан облыстары мен Алматы қаласы және басқа да өңірлерде екенін атап өтті мамандар. «Осындай жағдай орын алған кезде мұның кімге тиімді болғанын анықтау керек. Бұл туралы министрлікте де айтылды. Қазіргі уақытта осы жөнінде тергеу жұмыстары, заңдық сараптама жүргізілуде. Бұл азаматтардың қауіпсіздігі үшін маңызды болғандықтан, министрліктің заңгерлері қор мен медициналық ұйымдардың арасындағы құқықтық қатынас төңірегінен де шығып, жан-жақты зерттеу жүргізіп жатыр», – деді Б.Қожахметов.

-->