Елорда жаңалықтары

Тек отандық медициналық бетперделер сатып алынады – «СК-Фармация» төрағасы

«СК-Фармация» ЖШС Басқарма төрағасы Ерхат Есқалиев онлайн брифингте медициналық бетперделердің тек отандық өндірушілерден ғана сатып алынатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Елорда Инфо. «Бетперде тағу режиміне байланысты осы бағдарлама аясында біз медициналық бетперделерді тек отандық өндірушілерден сатып алудамыз. Алдымен өндірушілерде қалған өнімдерді сатып алынады. Оның мөлшері шамамен 5,8 млн дана. Сонымен қатар жыл соңына дейін отандық өндірушілердің қуатын арттыратын боламыз. Қазіргі уақытта 7 өндіруші Денсаулық сақтау министрлігінің рұқсатымен жұмыс жүргізіп жатыр», – деді ол.

-->