Елорда жаңалықтары

БҒМ ғылыми жобаларды гранттық қаржыландыру конкурсына 14 тамыздан бастап құжат қабылдайды

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі 2021-2023 жылдары ғылыми және ғылыми-техникалық жобалар бойынша гранттық қаржыландыруға арналған конкурсқа 14 тамыздан бастап құжат қабылдайды, деп хабарлайды Елорда Инфо ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 2021-2023 жылдарға гранттық қаржыландыруға арналған конкурс Су ресурстарын, жануарлар мен өсімдіктер дүниесін ұтымды пайдалану, экология; Геология, минералды және көмірсутек шикізатын өндіру және қайта өңдеу, жаңа материалдар, технологиялар, қауіпсіз бұйымдар мен конструкциялар; Энергетика және машина жасау; Ақпараттық, коммуникациялық және ғарыштық технологиялар; Жаратылыстану ғылымдары саласындағы ғылыми зерттеулер; Өмір және денсаулық туралы ғылым; Білім және ғылым саласындағы зерттеулер; Әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдар саласындағы зерттеулер; Агроөнеркәсіптік кешенді тұрақты дамыту және ауыл шаруашылығы өнімдерінің қауіпсіздігі; Ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс, және мамандырылған ғылыми бағыттар  бойынша өткізіледі. Өтінімдерді тіркеу және ЖТН алу үшін «ҰМҒТСО» АҚ ақпараттық жүйесінде (is.ncste.kz) жүзеге асырылады. Жоба жетекшісі және өтінім берушінің электрондық цифрлық қолымен расталған конкурстық өтінімдер БҒМ Ғылым комитетіне электрондық түрде «ҰМҒТСО» АҚ ақпараттық жүйесі арқылы беріледі. Өтінімдерді қабылдаудың басталуы – 2020 жылғы 14 тамыздан бастап. Өтінімдерді қабылдаудың соңғы мерзімі - 2020 жылғы 28 қыркүйек.

-->