Ертіс өзенінің алқабына ерекше қорғалатын табиғи аумақ мәртебесі берілуі мүмкін
Ертіс өзенінің алқабына ерекше қорғалатын табиғи аумақ мәртебесі берілуі мүмкін. Қазір Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі тиісті жобаны дайындауда, деп хабарлайды Елорда Инфо ҚР ЭГТРМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап. «Ертіс өзенінің алқабына мәртебе беру үшін бұрын аяқталмаған техникалық-экономмкалық негіздеме пысықталып жатыр». Бүгінгі таңда Қазақстан аумағының шамамен 9% ерекше қорғалатын табиғи аумақ мәртебесіне ие. БҰҰ мен басқа да халықаралық ұйымдардың ұсынысы бойынша бұл көрсеткішті 10 жыл ішінде 12 пайызға дейін арттыру керек. Ал Ертіс өзенінің алқабы осындай аумақ тізіміне енуі мүмкін», – деді Павлодар қаласының жұртшылығымен кездесуде ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев. [caption id="attachment_29493" align="alignnone" width="1024"] Фото ҚР ЭГТРМ баспасөз қызметінен[/caption] Эко-белсенділермен де өңірдің экологияық өзекті мәселелері талқыланды. Министрдің айтуынша, қазірде Павлодар облысы бойынша Жол картасының жобасы жасалып жатыр. Онда өңірдегі экологиялық жағдайды жақсарту үшін шаралар белгіленеді. Бұл ретте министрлік қала жұртшылығымен бірге жұмыс істеуге ниетті екенін білдірді.
-->Ертіс өзенінің алқабына ерекше қорғалатын табиғи аумақ мәртебесі берілуі мүмкін. Қазір Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі тиісті жобаны дайындауда, деп хабарлайды Елорда Инфо ҚР ЭГТРМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап. «Ертіс өзенінің алқабына мәртебе беру үшін бұрын аяқталмаған техникалық-экономмкалық негіздеме пысықталып жатыр». Бүгінгі таңда Қазақстан аумағының шамамен 9% ерекше қорғалатын табиғи аумақ мәртебесіне ие. БҰҰ мен басқа да халықаралық ұйымдардың ұсынысы бойынша бұл көрсеткішті 10 жыл ішінде 12 пайызға дейін арттыру керек. Ал Ертіс өзенінің алқабы осындай аумақ тізіміне енуі мүмкін», – деді Павлодар қаласының жұртшылығымен кездесуде ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев. [caption id="attachment_29493" align="alignnone" width="1024"] Фото ҚР ЭГТРМ баспасөз қызметінен[/caption] Эко-белсенділермен де өңірдің экологияық өзекті мәселелері талқыланды. Министрдің айтуынша, қазірде Павлодар облысы бойынша Жол картасының жобасы жасалып жатыр. Онда өңірдегі экологиялық жағдайды жақсарту үшін шаралар белгіленеді. Бұл ретте министрлік қала жұртшылығымен бірге жұмыс істеуге ниетті екенін білдірді.