"Nur Otan" партиясының елордалық филиалында саяжай тұрғындарының мәселелері талқыланды
"Nur Otan" партиясының елордалық филиалында бау-бақша шаруашылығы қоғамдарының төрағаларымен кездесуде саяжай тұрғындарының өзекті мәселелері талқыланды. Бұл туралы Елорда Инфо партияның елордалық филиалы басшысының бірінші орынбасары Ерлан Каналимовке сілтеме жасап хабарлайды.
Елордада олардың саны 40-тан асады. Және барлық мəселелердің дені бірдей. Бұл - электр энергиясына қарыздар, бау-бақша серіктестіктері мүшелерінің тиісті есебінің болмауы және тағы басқалар. Кездесу пікірталас алаңына айналды, онда әріптестер қандай да бір мәселе бойынша өз тәжірибелерімен бөлісе алды. Оның үстіне, осы жəне басқа да мәселені шешуде көптеген оң мысалдар болды.
"Қазіргі саяжай учаскелеріндегі мəселелерді ескере отырып, оны шешуге нұсқау ретінде төрағаларға аудан әкімдіктерімен бірлесіп осы сұрақтарды пысықтауды ұсындым. Осы мақсатта аудан әкімдіктерінің аппарат басшылары қатарынан жауаптылар тағайындалды. Сонымен қатар, бұл мәселелерге полиция қызметкерлері де қосылады. Жақында тағы бір кездесу өткіземіз деп шештік", деп жазды Е.Каналимов facebook желісіндегі парақшасында.