Биыл «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде 1 мыңға жуық жоба іске асырылуда
Қазіргі уақытта «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында 937 инфрақұрылымдық жоба іске асырылуда, деп хабарлайды Елорда Инфо Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне сілтеме жасап. Отандық кәсіпорындардан құрылыс материалдары, жабдықтар, жұмыстар мен қызметтер сатып алынды. Іске асырылып жатқан жобалар бойынша қазақстандық мазмұн үлесі 93% құрады. "Нұрлы жер" бағдарламасы шеңберінде биыл тұрғын үй және инженерлік коммуникацияларды сатып алу және салу бойынша жаппай тұрғын үй құрылысы салынатын аудандарда 923 жоба іске асырылуда. Ол жобалар шеңберінде 34 мыңнан астам тұрғын үй (2 млн.шаршы метр) салу және сатып алу, сондай-ақ жаппай тұрғын үй құрылысы салынатын аудандарда 2,5 мың шақырым шқ инженерлік желі салынады. Жарты жылдықтың қорытындысы бойынша мемлекеттік инвестициялар есебінен 4,7 мың тұрғын үй пайдалануға берілді. Барлық көздер есебінен республика бойынша барлығы 6,1 млн. шаршы метр салынды. Бұл өткен жылғы деңгейден 7,3% жоғары. Халықты сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету үшін "Нұрлы жер" бағдарламасы аясында биыл құны 457 млрд.теңге болатын 315 жоба іске асырылуда. Оларға республикалық бюджеттен 111 млрд. теңге бөлінді. Жыл қорытындысы бойынша 5 мың шақырымнан астам инженерлік желі салу және қайта жаңартылады. Бұл сумен жабдықтау қызметтерімен қамтамасыз етудің республикалық көрсеткішін 93,2% дейін, оның ішінде қалаларда - 97,5%, ауылдарда-87,7% жеткізуге мүмкіндік береді. «Нұрлы жер» бағдарламасы шеңберінде қазіргі бар тұрғын үй қорын күрделі жөндеу жобалары қолға алынды. Бүгінгі таңда елімізде 80 мыңнан астам көппәтерлі тұрғын үй болса, олардың 18 мыңы күрделі жөндеуді қажет етеді. 2020-2021 жылдары өңірлерге осы мақсатқа 30 млрд. теңге бөлініп, 715 үй жөнделеді. Биыл 8,6 млрд. теңгеге 250 көппәтерлі үйді жөндеу көзделген. Сондай-ақ, тұрғын үй коммуналдық сектор желілерін жаңғыртуға 6 жоба іске асырылуда. Бүгінгі таңда тұрғын үй және өндірістік ғимараттар, әлеуметтік объектілер мен инфрақұрылымдық жобаларды салу кезінде құрылыс саласында негізгі материалдарға деген сұраныс 934 млрд. теңгені құрайды. Отандық кәсіпорындар 586 мдрд. теңгеге құрылыс материалдарын өндірсе, 348 млд. теңгеге импортталады. Нарықтың сұранысын қамтамасыз ету үшін 33 жоба іске асырылып жатыр. Оның ішінде 8 жоба - импортты алмастыру жобалалары. Аталған жобалар іске асырылғаннан кейін импорт үлесі 15% төмендеп, тұрғын үй құрылысындағы қазақстандық мазмұндағы өнімдерді пайдалану 90% жетеді. Сонымен қатар, құрылыстағы қазақстандық мазмұн үлесін арттыру үшін нормативтік реттеу жүргізілуде. Біріншіден, қажетті құқықтық база құрылды. Енді бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын жобалар бойынша қазақстандық құрылыс материалдарын қолдану міндетті. Бұл жобалы-сметалық құжатта көрсетілген отандық материалдарды импорттық материалдарға негізсіз ауыстыруды азайтады. Сондай-ақ құрылыс жобаларында жергілікті мазмұнды сақтау бойынша техникалық қадағалау мен тапсырыс берушілердің жұмыс тиімділігі мен жауапкершілігін арттырады. Екіншіден, сараптамадан өткен барлық жобалардың жиынтық ресурстық ведомостары орналастырылатын Портал әзірленді. Яғни, отандық тауар өндірушілер жоспарланған құрылыс нысандары санын, сондай-ақ құрылыс материалдары, бұйымдары, конструкциялары мен жабдықтары қажеттілігінің көлемін көре алады. Үшіншіден, мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидасына отандық тауар өндірушілер (ОТӨ) тізіліміне сәйкес материалдарды сатып алуды міндеттейтін құрылыс саласындағы үлгілік шарттарға түзетулер енгізілді. 2020 жылдың соңына дейін экономикалық өсімді қалпына келтіру жөніндегі кешенді жоспар шеңберінде ОТӨ талаптарын сақтамағаны үшін жауапкершілікті күшейту бойынша заңнамалық шаралар пысықталуда. Төртіншіден, құрылыстың басшылық құжатында құрылысқа қатысушылардың "СТ КЗ" атқарушылық техникалық құжаттамасының және отандық өнімнің қолданылуын растайтын индустриялық сертификаттардың құрамында міндетті түрде ұсынуы көзделген. Бұл нормалар әзірленіп жатқан "Е-құрылыс" бірыңғай ақпараттық жүйесінде де пайдаланылады.
-->Қазіргі уақытта «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында 937 инфрақұрылымдық жоба іске асырылуда, деп хабарлайды Елорда Инфо Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне сілтеме жасап. Отандық кәсіпорындардан құрылыс материалдары, жабдықтар, жұмыстар мен қызметтер сатып алынды. Іске асырылып жатқан жобалар бойынша қазақстандық мазмұн үлесі 93% құрады. "Нұрлы жер" бағдарламасы шеңберінде биыл тұрғын үй және инженерлік коммуникацияларды сатып алу және салу бойынша жаппай тұрғын үй құрылысы салынатын аудандарда 923 жоба іске асырылуда. Ол жобалар шеңберінде 34 мыңнан астам тұрғын үй (2 млн.шаршы метр) салу және сатып алу, сондай-ақ жаппай тұрғын үй құрылысы салынатын аудандарда 2,5 мың шақырым шқ инженерлік желі салынады. Жарты жылдықтың қорытындысы бойынша мемлекеттік инвестициялар есебінен 4,7 мың тұрғын үй пайдалануға берілді. Барлық көздер есебінен республика бойынша барлығы 6,1 млн. шаршы метр салынды. Бұл өткен жылғы деңгейден 7,3% жоғары. Халықты сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету үшін "Нұрлы жер" бағдарламасы аясында биыл құны 457 млрд.теңге болатын 315 жоба іске асырылуда. Оларға республикалық бюджеттен 111 млрд. теңге бөлінді. Жыл қорытындысы бойынша 5 мың шақырымнан астам инженерлік желі салу және қайта жаңартылады. Бұл сумен жабдықтау қызметтерімен қамтамасыз етудің республикалық көрсеткішін 93,2% дейін, оның ішінде қалаларда - 97,5%, ауылдарда-87,7% жеткізуге мүмкіндік береді. «Нұрлы жер» бағдарламасы шеңберінде қазіргі бар тұрғын үй қорын күрделі жөндеу жобалары қолға алынды. Бүгінгі таңда елімізде 80 мыңнан астам көппәтерлі тұрғын үй болса, олардың 18 мыңы күрделі жөндеуді қажет етеді. 2020-2021 жылдары өңірлерге осы мақсатқа 30 млрд. теңге бөлініп, 715 үй жөнделеді. Биыл 8,6 млрд. теңгеге 250 көппәтерлі үйді жөндеу көзделген. Сондай-ақ, тұрғын үй коммуналдық сектор желілерін жаңғыртуға 6 жоба іске асырылуда. Бүгінгі таңда тұрғын үй және өндірістік ғимараттар, әлеуметтік объектілер мен инфрақұрылымдық жобаларды салу кезінде құрылыс саласында негізгі материалдарға деген сұраныс 934 млрд. теңгені құрайды. Отандық кәсіпорындар 586 мдрд. теңгеге құрылыс материалдарын өндірсе, 348 млд. теңгеге импортталады. Нарықтың сұранысын қамтамасыз ету үшін 33 жоба іске асырылып жатыр. Оның ішінде 8 жоба - импортты алмастыру жобалалары. Аталған жобалар іске асырылғаннан кейін импорт үлесі 15% төмендеп, тұрғын үй құрылысындағы қазақстандық мазмұндағы өнімдерді пайдалану 90% жетеді. Сонымен қатар, құрылыстағы қазақстандық мазмұн үлесін арттыру үшін нормативтік реттеу жүргізілуде. Біріншіден, қажетті құқықтық база құрылды. Енді бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын жобалар бойынша қазақстандық құрылыс материалдарын қолдану міндетті. Бұл жобалы-сметалық құжатта көрсетілген отандық материалдарды импорттық материалдарға негізсіз ауыстыруды азайтады. Сондай-ақ құрылыс жобаларында жергілікті мазмұнды сақтау бойынша техникалық қадағалау мен тапсырыс берушілердің жұмыс тиімділігі мен жауапкершілігін арттырады. Екіншіден, сараптамадан өткен барлық жобалардың жиынтық ресурстық ведомостары орналастырылатын Портал әзірленді. Яғни, отандық тауар өндірушілер жоспарланған құрылыс нысандары санын, сондай-ақ құрылыс материалдары, бұйымдары, конструкциялары мен жабдықтары қажеттілігінің көлемін көре алады. Үшіншіден, мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидасына отандық тауар өндірушілер (ОТӨ) тізіліміне сәйкес материалдарды сатып алуды міндеттейтін құрылыс саласындағы үлгілік шарттарға түзетулер енгізілді. 2020 жылдың соңына дейін экономикалық өсімді қалпына келтіру жөніндегі кешенді жоспар шеңберінде ОТӨ талаптарын сақтамағаны үшін жауапкершілікті күшейту бойынша заңнамалық шаралар пысықталуда. Төртіншіден, құрылыстың басшылық құжатында құрылысқа қатысушылардың "СТ КЗ" атқарушылық техникалық құжаттамасының және отандық өнімнің қолданылуын растайтын индустриялық сертификаттардың құрамында міндетті түрде ұсынуы көзделген. Бұл нормалар әзірленіп жатқан "Е-құрылыс" бірыңғай ақпараттық жүйесінде де пайдаланылады.