Елордада масаларға қарсы дезинсекция жұмыстары екі ауысымда жүріп жатыр
Нұр-Сұлтан қаласында масалар, мүк және басқа жәндіктерге қарсы кең ауқымды дезинсекция жұмыстары екі ауысымда жүріп жатыр, деп хабарлайды Елорда Инфо тілшісі әкімдіктің ресми сайтына сілтеме жасап. Мамандар бірнеше бағытты қамтыды. Олар су қоймалары мен жертөлелерді өңдеп жатыр. Жұмысқа 150-ден астам адам қатысып, ондаған техника жұмылдырылды. «Маса көп шығатын жерлерді дезинсекциялауға аса үлкен көңіл бөлініп жатыр. Бұл масалар және мүк санын азайтуға мүмкіндік береді. Дезинсекция жұмыстары көшелер мен адам көп жиналатын орындарда да басталды. Бірінші кезең аяқталғаннан кейін дезинсекциялық жұмыстар қаланың орамішілік аумақтары, саябақтар, тынымбақтар және көшелерде жүргізіледі», - деп атап өтті мамандар. Масалармен күрес тиімді болуы үшін тұрғын үйлердің жертөлесін, мектеп, балабақша аумақтарын, денсаулық сақтау, мәдениет, спорт нысандарын, базарларды, сауда үйлері мен тағы басқаларды зарарсыздандыру маңызды. Биыл аумақты масалардан өңдеу жоспары 20%-ке, су қоймаларын өңдеу 25%-ке артты.
-->Нұр-Сұлтан қаласында масалар, мүк және басқа жәндіктерге қарсы кең ауқымды дезинсекция жұмыстары екі ауысымда жүріп жатыр, деп хабарлайды Елорда Инфо тілшісі әкімдіктің ресми сайтына сілтеме жасап. Мамандар бірнеше бағытты қамтыды. Олар су қоймалары мен жертөлелерді өңдеп жатыр. Жұмысқа 150-ден астам адам қатысып, ондаған техника жұмылдырылды. «Маса көп шығатын жерлерді дезинсекциялауға аса үлкен көңіл бөлініп жатыр. Бұл масалар және мүк санын азайтуға мүмкіндік береді. Дезинсекция жұмыстары көшелер мен адам көп жиналатын орындарда да басталды. Бірінші кезең аяқталғаннан кейін дезинсекциялық жұмыстар қаланың орамішілік аумақтары, саябақтар, тынымбақтар және көшелерде жүргізіледі», - деп атап өтті мамандар. Масалармен күрес тиімді болуы үшін тұрғын үйлердің жертөлесін, мектеп, балабақша аумақтарын, денсаулық сақтау, мәдениет, спорт нысандарын, базарларды, сауда үйлері мен тағы басқаларды зарарсыздандыру маңызды. Биыл аумақты масалардан өңдеу жоспары 20%-ке, су қоймаларын өңдеу 25%-ке артты.