Елімізде БАҚ өкілдеріне арналған онлайн семинар өтіп жатыр
Елімізде «Түркітілдес журналистер қорының» жетекшілік етуімен «Әлеуметтік журналистика: БАҚ-тағы әлеуметтік мәселелер» тақырыбында онлайн семинар-тренингтер сериясы басталды, деп хабарлайды Елорда Инфо.
Онлайн семинар 2020 жылдың тамыз-желтоқсан айлары аралығында өтеді. Бас-аяғы 40-қа жуық семинар-тренингке қатысуға Қазақстанның барлық облыс, қалаларынан 150 журналист өтініш білдірді. Түркітілдес журналистер қорының жанынан ашылған Медиа-тренерлер мектебінің қазақстандық және шетелдік мамандары өз тәжірибелерімен кеңінен бөліседі.
Онлайн семинар-тренингтер барысында Еуропадағы әлеуметтік журналистика және оның стандарттары мен талаптары туралы «Avrupa» Медиа холдинг иесі Ватан Өз (Ұлыбритания), Анадолы Спорт журналистері ассоциациясының басшысы Ибраһим Ердоған (Түркия), «Sabah» газетінің меншікті тілшісі Ибрахим Таш (Германия), Юсуф Чинал (Бельгия), Тандоған Уйсал (Швеция), Бирол Кылыч (Франция) өз тәжірибесімен бөліседі. Отандық мамандар баянадама жасайтын тақырыптар арасында Қазақстан Республикасының «БАҚ туралы» заңы, журналистік этика, әлеуметтік психология және журналистика, әлеуметтік ток-шоу: контент қалыптастыру, әлеуметтік бағдарламаларға сценарий жазу, радиоарнадағы әлеуметтік жаңалықтар, fact-checking, storytelling, podkast, explanatory journalism, crytical thinking, time-managment, networking, social media brand т.б. бар.
«Бұл семинар-тренинг «Шеврон» компаниясымен серіктесе отырып, қазақ тілінде жазатын журналистерді кәсіби тұрғыда дамытуға қатысты ойларымызды жүзеге асыруға септігін тигізеді. Осының нәтижесінде біз әлеуметтік мәселелерді қозғауда әлемдік тәжірибеге сүйенуге, журналистикадағы жаһандық үдерістерге ілесіп отыруға және халықаралық серіктестік орнатуға мүмкіндік алдық», - дейді «Түркітілдес журналистер қоры» ҚҚ президенті Нәзия Жоямергенқызы.
Семинар-тренинг қорытындысы бойынша журналистер өздері басымдық берген әлеуметтік жоба туралы авторлық материал жариялауы тиіс. Үздік деп танылған 50 автор 2020 жылдың қарашасында Алматы қаласында болатын 2 күндік семинар-тренингке қатысуға жолдама алады. Қатысушылардың шығындары Түркітілдес журналистер қоры тарапынан төленеді.
Қазылар алқасы іріктеп алған 5 үздік жеңімпаз биыл дүниеден өткен журналистер – Бейсен Құранбек, Аманхан Әлім, Жолдасбек Дуанабай, Диас Омаров пен Қуандық Шамақайұлы атындағы ескерткіш сыйлықтармен марапатталады. Қазылар алқасының құрамына елімізге танымал журналистер мен «Шеврон» компаниясының өкілдері кіреді. Жеңімпаздардың аты-жөндері Түркітілдес журналситер қорының ресми сайтында жарияланады.
Айта кетейік, «Түркітілдес журналистер қоры» – Қазақстандағы медиа саласын дамытуға арналған ұйым. 2014 жылдың 11 қарашасында құрылған. Шет мемлекеттер мен Қазақстан аумағында БАҚ өкілдері үшін семинар-тренингтер, вебинарлар, Журналистика курсы, пресс-турлар мен байқаулар ұйымдастырады. Қордың жанынан Медиа-тренерлер мектебі, Жас журналистер мектебі мен Әйел журналистер клубы ашылған.
-->Елімізде «Түркітілдес журналистер қорының» жетекшілік етуімен «Әлеуметтік журналистика: БАҚ-тағы әлеуметтік мәселелер» тақырыбында онлайн семинар-тренингтер сериясы басталды, деп хабарлайды Елорда Инфо.