Елорданың белгілі ұстаздары ән мен биді онлайн үйретіп жатыр
Балаларға сольфеджионы меңгеруге гаджеттер мен арнайы бағдарламалар көмектесуде, деп хабарлайды Елорда Инфо тілшісі әкімдіктің ресми сайтына сілтеме жасап. Ондаған бала ән мен би үйірмесіндегі сүйікті оқуын онлайн режимде жалғастырып жатыр. Карантинге дейін олар Бейбітшілік және келісім сарайына барып оқыды. «Екі бағыт – хореография және хор бойынша оқытып, балалар шығармашылығын дамытып жатырмыз. Сондай-ақ, бізде «Өскелең ұрпақты төзімділікке тәрбиелеу» атты жаңа бағыт бар», – дейді «Туған жер» балалар студиясының жетекшісі Яна Чигарькова. Балаларға ән мен биді үйренуге гаджеттер және арнайы бағдарламалар көмектесуде. «Біз күн сайын «Туған жер» студиясының инстаграм парақшасында хореография бойынша тікелей эфир жүргіземіз. Күнделікті сабақты оқушыларымыздан басқа 60-тан 100-ге дейін бала көреді», – деді Чигарькова. Сол сияқты ән сабағы өтіп жатыр. Оқытушылар нота бойынша тапсырма береді. Оқушылар орындаған тапсырмаларын мессенджер арқылы жібереді. Педагогтер мұндай форматтағы сабақ сыныптағыдан еш кем түспей, балалардың қалыптасқан дағдысын сақтауына мүмкіндік беретінін айтып жатыр.
-->Балаларға сольфеджионы меңгеруге гаджеттер мен арнайы бағдарламалар көмектесуде, деп хабарлайды Елорда Инфо тілшісі әкімдіктің ресми сайтына сілтеме жасап. Ондаған бала ән мен би үйірмесіндегі сүйікті оқуын онлайн режимде жалғастырып жатыр. Карантинге дейін олар Бейбітшілік және келісім сарайына барып оқыды. «Екі бағыт – хореография және хор бойынша оқытып, балалар шығармашылығын дамытып жатырмыз. Сондай-ақ, бізде «Өскелең ұрпақты төзімділікке тәрбиелеу» атты жаңа бағыт бар», – дейді «Туған жер» балалар студиясының жетекшісі Яна Чигарькова. Балаларға ән мен биді үйренуге гаджеттер және арнайы бағдарламалар көмектесуде. «Біз күн сайын «Туған жер» студиясының инстаграм парақшасында хореография бойынша тікелей эфир жүргіземіз. Күнделікті сабақты оқушыларымыздан басқа 60-тан 100-ге дейін бала көреді», – деді Чигарькова. Сол сияқты ән сабағы өтіп жатыр. Оқытушылар нота бойынша тапсырма береді. Оқушылар орындаған тапсырмаларын мессенджер арқылы жібереді. Педагогтер мұндай форматтағы сабақ сыныптағыдан еш кем түспей, балалардың қалыптасқан дағдысын сақтауына мүмкіндік беретінін айтып жатыр.