ҚМДБ Қазақстан бойынша 81 мыңнан астам отбасыға құрбандық етін таратты
Мұсылман мерекесі құлшылық пен қайырымдылықтан басталады. Ұлық мейрам – Құрбан айтта жағдайы бар адамға міндет болған негізгі амал – құрбан шалып, оны мұқтаж отбасыға тарату, осылайша жабырқаған жандарды мерекелік қуанышқа бөлеу. Бұл амал адам баласының қанағатшылдық, жомарттық, мейірбандық, т.б. сынды адамдық қасиеттерін арттырады, деп хабарлайды Елорда Инфо ҚМДБ-ның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
-->Мұсылман мерекесі құлшылық пен қайырымдылықтан басталады. Ұлық мейрам – Құрбан айтта жағдайы бар адамға міндет болған негізгі амал – құрбан шалып, оны мұқтаж отбасыға тарату, осылайша жабырқаған жандарды мерекелік қуанышқа бөлеу. Бұл амал адам баласының қанағатшылдық, жомарттық, мейірбандық, т.б. сынды адамдық қасиеттерін арттырады, деп хабарлайды Елорда Инфо ҚМДБ-ның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.