Стихиялық қоқыс: Министрліктің жедел желісіне 515 арыз түсті
Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің жедел желісіне стихиялық қоқыстар бойынша 515 арыз келіп түсті, деп хабарлайды Елорда Инфо ҚР ЭГТРМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 384 шағым стихиялық қоқыстарға, 131-і толып кеткен контейнерлерге қатысты болса, 5 жағдай бойынша деректер расталмаған. Стихиялық қоқыстар туралы хабарлардың көпшілігі Алматы (73), Шығыс Қазақстан (46) және Қарағанды облыстарынан (41), сондай-ақ Алматы қаласынан (44) келіп түссе, Ақмола (30) облысы азаматтардан түскен өтініштер саны бойынша алғашқы «бестікті» түйіндеді. "Бүгінгі таңда полигондардың жартысынан көбі (282) әкімдіктердің көмегімен жойылды. Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасуда. Шағым түскеннен кейін ақпарат дереу жергілікті экология департаменттеріне, ҚР ІІМ қызметі мен әкімдіктерге жіберіледі. Мамандар жедел тексеру орнына барып, шара қолданады, кінәлілер жазаланып, соның ішінде айыппұл өндіріліп алынады", – делінген хабарламада. Естеріңізге салсақ, Экология министрлігінің жедел желі нөмірі: +7 (775) 952-49-00. Ватсаптағы осы нөмір арқылы кез-келген қазақстандық өз қаласындағы немесе ауылындағы стихиялық коқыс туралы ақпаратты, оның ішінде расталған фотосуреттер мен бейнетүсірілімді жібере алады. "Министрлік елдің барлық тұрғындарына бұл мәселеге бей-жай қарамай, жедел желіге шұғыл түрде стихиялық үйінділер фактісі туралы хабарлауға, заңбұзушыларға сол жерде ескерту жасауға, полиция шақыруға үндейді. Осы бағыттағы жұмыстарды бірігіп атқарған кезде ғана, көп нәрсені ретке келтіре аламыз", делінген ҚР ЭГТРМ баспасөз қызметі таратқан хабарламада. Сонымен қатар, демалыс күндері Экология министрлігі Орман шаруашылығы комитетінің инспекторларымен, сондай-ақ ҚР ІІМ қызметкерлері мен қоғам қайраткерлерімен бірге ұлттық саябақтар мен демалыс аймақтарында қоғамдық рейдтер өткізеді. Заңбұзушылық орын алған жағдайда, тиісті шара қолданылып, оның ішінде айыппұл салынады.
-->Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің жедел желісіне стихиялық қоқыстар бойынша 515 арыз келіп түсті, деп хабарлайды Елорда Инфо ҚР ЭГТРМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 384 шағым стихиялық қоқыстарға, 131-і толып кеткен контейнерлерге қатысты болса, 5 жағдай бойынша деректер расталмаған. Стихиялық қоқыстар туралы хабарлардың көпшілігі Алматы (73), Шығыс Қазақстан (46) және Қарағанды облыстарынан (41), сондай-ақ Алматы қаласынан (44) келіп түссе, Ақмола (30) облысы азаматтардан түскен өтініштер саны бойынша алғашқы «бестікті» түйіндеді. "Бүгінгі таңда полигондардың жартысынан көбі (282) әкімдіктердің көмегімен жойылды. Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасуда. Шағым түскеннен кейін ақпарат дереу жергілікті экология департаменттеріне, ҚР ІІМ қызметі мен әкімдіктерге жіберіледі. Мамандар жедел тексеру орнына барып, шара қолданады, кінәлілер жазаланып, соның ішінде айыппұл өндіріліп алынады", – делінген хабарламада. Естеріңізге салсақ, Экология министрлігінің жедел желі нөмірі: +7 (775) 952-49-00. Ватсаптағы осы нөмір арқылы кез-келген қазақстандық өз қаласындағы немесе ауылындағы стихиялық коқыс туралы ақпаратты, оның ішінде расталған фотосуреттер мен бейнетүсірілімді жібере алады. "Министрлік елдің барлық тұрғындарына бұл мәселеге бей-жай қарамай, жедел желіге шұғыл түрде стихиялық үйінділер фактісі туралы хабарлауға, заңбұзушыларға сол жерде ескерту жасауға, полиция шақыруға үндейді. Осы бағыттағы жұмыстарды бірігіп атқарған кезде ғана, көп нәрсені ретке келтіре аламыз", делінген ҚР ЭГТРМ баспасөз қызметі таратқан хабарламада. Сонымен қатар, демалыс күндері Экология министрлігі Орман шаруашылығы комитетінің инспекторларымен, сондай-ақ ҚР ІІМ қызметкерлері мен қоғам қайраткерлерімен бірге ұлттық саябақтар мен демалыс аймақтарында қоғамдық рейдтер өткізеді. Заңбұзушылық орын алған жағдайда, тиісті шара қолданылып, оның ішінде айыппұл салынады.