Алексей Цой вице-министр Олжас Әбішевтің ұсталғанына қатысты пікір білдірді
Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой вице-министр Олжас Әбішевтің ұсталғанына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Елорда Инфо тілшісі. «Қолымызда қазір нақты ақпарат жоқ (ұстау себептері туралы). Себебі тергеу жүріп жатыр. Уәкілетті органдар тиісті ақпаратты өздері жеткізеді деп ойлаймын. Олжас Әбішев өткен аптада өз қалауы бойынша өтініш берді. Сондықтан бұл мәселе қазір қаралуда. Егер шешім қабылданса, ол қызметінен босатылады», - деді министр. Айта кетейік, Экономикалық тергеу қызметінің қызметкерлері бюджет қаражатын жымқырды деген күдікпен кеше Денсаулық сақтау вице-министрі Олжас Әбішевті ұстаған болатын.
-->Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой вице-министр Олжас Әбішевтің ұсталғанына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Елорда Инфо тілшісі. «Қолымызда қазір нақты ақпарат жоқ (ұстау себептері туралы). Себебі тергеу жүріп жатыр. Уәкілетті органдар тиісті ақпаратты өздері жеткізеді деп ойлаймын. Олжас Әбішев өткен аптада өз қалауы бойынша өтініш берді. Сондықтан бұл мәселе қазір қаралуда. Егер шешім қабылданса, ол қызметінен босатылады», - деді министр. Айта кетейік, Экономикалық тергеу қызметінің қызметкерлері бюджет қаражатын жымқырды деген күдікпен кеше Денсаулық сақтау вице-министрі Олжас Әбішевті ұстаған болатын.