Күзгі эпидемиологиялық кезеңнен жақсы күйде өтеміз – Цой
Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Қазақстанның күзде эпидемиологиялық жағдайдан жақсы нәтижемен өтеміз деген үміт бар екенін мәлім етті, деп хабарлайды Елорда Инфо тілшісі. «Жағдайды бақылауда ұстап отырмыз. Біз аурушаңдық пен өлім-жітімді нақты төмендеттік. Дәрі-дәрмектердің қолжетімділігін арттырдық, олар нарықта пайда болды. Әрине, барлық жерлерде емес екені белгілі, дегенмен барлық дерлік ұйымдарда, ауруханаларда, дәріханаларда олар пайда болды», - деді министр. Ведомство басшысы өз сөзінде қажет аппараттар сатып алынып жатқанын айрықша атап өтті. «Қазір жағдай толық бақылауда. Біз мүмкін болар күзгі эпидемиологиялық жағдайға дайындалып жатырмыз. Қазір төсек-орындар резервте тұр, ИВЛ-аппараттар сатып алынуда, мобильді жылжымалы кешендер де қазір біздің қолымызда. Оттегі концентраторлары, тесттер, жеке қорғаныс құралдары, яғни барлығы біздің бақылауымызда, барынша жинақталып жатыр. Менің ойымша, күзгі кезеңнен жақсы күйде өтеміз деген нақты үмітіміз бар», - деді Цой онлайн брифингте. Айта кетейік, Алексей Цой баспасөз конференциясы барысында пневмониямен ауырған дәрігерлерге өтемақы төлеу мәселесі қарастырылып жатқанын мәлім еткен болатын.
-->Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Қазақстанның күзде эпидемиологиялық жағдайдан жақсы нәтижемен өтеміз деген үміт бар екенін мәлім етті, деп хабарлайды Елорда Инфо тілшісі. «Жағдайды бақылауда ұстап отырмыз. Біз аурушаңдық пен өлім-жітімді нақты төмендеттік. Дәрі-дәрмектердің қолжетімділігін арттырдық, олар нарықта пайда болды. Әрине, барлық жерлерде емес екені белгілі, дегенмен барлық дерлік ұйымдарда, ауруханаларда, дәріханаларда олар пайда болды», - деді министр. Ведомство басшысы өз сөзінде қажет аппараттар сатып алынып жатқанын айрықша атап өтті. «Қазір жағдай толық бақылауда. Біз мүмкін болар күзгі эпидемиологиялық жағдайға дайындалып жатырмыз. Қазір төсек-орындар резервте тұр, ИВЛ-аппараттар сатып алынуда, мобильді жылжымалы кешендер де қазір біздің қолымызда. Оттегі концентраторлары, тесттер, жеке қорғаныс құралдары, яғни барлығы біздің бақылауымызда, барынша жинақталып жатыр. Менің ойымша, күзгі кезеңнен жақсы күйде өтеміз деген нақты үмітіміз бар», - деді Цой онлайн брифингте. Айта кетейік, Алексей Цой баспасөз конференциясы барысында пневмониямен ауырған дәрігерлерге өтемақы төлеу мәселесі қарастырылып жатқанын мәлім еткен болатын.