Бетперде тағу режимін қатаң сақтауымыз керек - министр
ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой онлайн брифинг барысында карантиндік ережеге өзгеріс енгізілгенін айтты, деп хабарлайды Елорда Инфо. «Әрине, қазір – жазғы уақыт. Алайда бетперде тағу режимін қатаң сақтауымыз керек. Айта кету керек, өткен күндері ғана ережеге аздаған өзгеріс енгізілді. Яғни 5 жасқа дейінгі балаларға және таза ауада жаттығу жасайтын адамдарға және жазғы дәмханаларда тамақтану кезінде бетперде тақпай-ақ қоюға болады. Дегенмен әлеуметтік арақашықтықты қатаң сақтау керек», – деді министр. Сонымен қатар ол елімізде жағдайдың тұрақталып келе жатқанын, ауруханалардағы жүктеменің азайғанын атап өтті. «Карантиндік шаралардың арқасында дертті жұқтыру көрсеткіші екі есеге төмендеді. Инфекциялық және провизорлық стационарлардағы жүктеме азайды. Қазіргі уақытта ауруханалардағы төсек орындардың 34 пайызы ғана бос емес. 3 тамыз күнгі көрсеткіш бойынша 92 662 адамның коронавирус инфекциясын жұқтырғаны тіркеліп отыр. Әрине, цифр аз емес. Дегенмен оның 67,5 пайызы, яғни 62 511 адам жазылып шықты. Әсіресе, БҚО, Түркістан, Қостанай облыстары мен елордада жағдай жақсарып келеді. Жалпы, Қазақстанда жағдай тұрақталды деуге болады», – деді ол.
-->ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой онлайн брифинг барысында карантиндік ережеге өзгеріс енгізілгенін айтты, деп хабарлайды Елорда Инфо. «Әрине, қазір – жазғы уақыт. Алайда бетперде тағу режимін қатаң сақтауымыз керек. Айта кету керек, өткен күндері ғана ережеге аздаған өзгеріс енгізілді. Яғни 5 жасқа дейінгі балаларға және таза ауада жаттығу жасайтын адамдарға және жазғы дәмханаларда тамақтану кезінде бетперде тақпай-ақ қоюға болады. Дегенмен әлеуметтік арақашықтықты қатаң сақтау керек», – деді министр. Сонымен қатар ол елімізде жағдайдың тұрақталып келе жатқанын, ауруханалардағы жүктеменің азайғанын атап өтті. «Карантиндік шаралардың арқасында дертті жұқтыру көрсеткіші екі есеге төмендеді. Инфекциялық және провизорлық стационарлардағы жүктеме азайды. Қазіргі уақытта ауруханалардағы төсек орындардың 34 пайызы ғана бос емес. 3 тамыз күнгі көрсеткіш бойынша 92 662 адамның коронавирус инфекциясын жұқтырғаны тіркеліп отыр. Әрине, цифр аз емес. Дегенмен оның 67,5 пайызы, яғни 62 511 адам жазылып шықты. Әсіресе, БҚО, Түркістан, Қостанай облыстары мен елордада жағдай жақсарып келеді. Жалпы, Қазақстанда жағдай тұрақталды деуге болады», – деді ол.