Пневмониямен ауырған дәрігерлерге өтемақы төлене ме
Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой пневмониямен ауыратын дәрігерлерге өтемақы төлеу жайлы түсіндіріп берді, деп хабарлайды Елорда Инфо тілшісі. «Жұрт пневмония мен COVID-19 статистикасы біріктірілгенге дейін, яғни тамыз айына дейін анықталған медицина қызметкерлеріне өтемақы төлеу үшін пневмония жағдайларын ескереміз бе деген сауал қояды. Біз бұл бағытта жұмыс істеп жатырмыз және әр жағдайды жеке-жеке мұқият қарастырамыз. Бұған қатысты біздің әріптестеріміздің ешқайсысы алаңдамасын», - деді Алексей Цой. Айта кетейік, Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой ОҚК брифингінде КВИ мен пневмонияның статистикалық мәліметтерін 2020 жылдың 1 тамызынан бастап біріктіру туралы шешім қабылданғанын мәлім еткен болатын.
-->Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой пневмониямен ауыратын дәрігерлерге өтемақы төлеу жайлы түсіндіріп берді, деп хабарлайды Елорда Инфо тілшісі. «Жұрт пневмония мен COVID-19 статистикасы біріктірілгенге дейін, яғни тамыз айына дейін анықталған медицина қызметкерлеріне өтемақы төлеу үшін пневмония жағдайларын ескереміз бе деген сауал қояды. Біз бұл бағытта жұмыс істеп жатырмыз және әр жағдайды жеке-жеке мұқият қарастырамыз. Бұған қатысты біздің әріптестеріміздің ешқайсысы алаңдамасын», - деді Алексей Цой. Айта кетейік, Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой ОҚК брифингінде КВИ мен пневмонияның статистикалық мәліметтерін 2020 жылдың 1 тамызынан бастап біріктіру туралы шешім қабылданғанын мәлім еткен болатын.