Елорда жаңалықтары

Әскер Пириев: Бірлігіміз бен татулығымыз арқылы бұл тығырықтан шығамыз

Қазақстан халқы ассамблеясының (ҚХА) мүшесі, «Ахыска» Қазақстан түріктер қоғамы» қоғамдық бірлестігі филиалының төрағасы Әскер Пириев Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Бірлесе білген ел бәрін жеңеді» атты мақаласына пікір білдірді, деп хабарлайды Елорда Инфо тілшісі. «Бірлік пен келісімнің қазақстандық үлгісі – еліміздің егемендік алған жылдарында қалыптастырған ең басты құндылығы. Бірлігіміз бізге өтпелі кезеңнің қиын сәттерін еңсеруге көмектесті емес пе?! Ұйымшылдығымыз арқылы біз түрлі апаттан аман-есен өттік емес пе?! Ынтымағымыз жарасқан елімізге шетелдік компаниялар да сенім білдірмегені есімізде. Жаһандық өзгерістерден бұрын өзіміздегі жағдайларға үңіліп көрейікші. Аязды күндері автобус күтіп тұрған жұртты тегін жеткізіп салған сәттерді еске түсірейікші. Қарт кісілердің үйіне азық-түлік жеткізіліп тұрды. Бір қарағанда мұның бәрі ұсақ жұмыс секілді көрінеді. Бірақ ұсақ-түйек болмайтынын ескерген жөн. Биік-биік таулар да ұсақ тастардан құралған», - дейді Әскер Пириев. Ол сөзін жалғай отырып, өткенімізге бір шолу жасап өтті. «Қандай да бір ортақ жетістіктеріміз үшін бірге қуанып, бірге қайғырғанымыз есіңізде ме?! Бірлік пен келісім, өзара түсіністік пен жанашырлық, бір-бірін естіп, тыңдай білу. Бұл – адамгершіліктің биігі, халықтың бірлігі. Еліміздің қазіргі қалыптасқан күрделі жағдайдан шығуының басты жолы бірлік пен келісімнің формуласы болып саналады. Менің ойымша, біз өз-өзін қамтамасыз ете алатын елміз. Ылғи да Қазақстан халқының рухы биік, күші мығым халық екенін айтып келемін. Бұл сөздеріме бірнеше рет куә болдым. Біз бұл қиындықтан да сүрінбей, бірге, билік тарапы берген ақыл-кеңестерді ұстанып, өзгелерге мейірімділікпен қарау арқылы өтеміз», - дейді ҚХА мүшесі. Әскер Пириев сөз арасында Елбасы өз мақаласында айтып өткен жайттарға ерекше тоқталып өтті. «Бүгін Елбасы Қазақстан халқына арнаған Жолдауында «Біз – бір ел, бір халықпыз» деген сөздерімен жұртшылықты бірлікке шақырды. Біз біргеміз. Қиындықтарға мойымастан, бірлігіміз бен келісімімізді сақтап қалуымыз керек. Міне, сонда ғана егемендігімізді сақтап, алдымызға қойған ұлы мақсатымыз – «Мәңгілік ел» ұстанымына лайық боламыз. Әрине, қазір қиын жағдай орнап отыр. Бұл әлемнің барлық мемлекеттеріне ауыртпалық түсіріп тұрған жағдай. Бірақ біз бұл тығырықтан халқымыздың төзімділігінің, ерік-жігерінің және құлшынысының арқасында шығамыз. Ол үшін бізде барлығы бар: қаржы, материалдық ресурстар, техника, азық-түлік қоры. Сондықтан да үрей мен қауіпке бой алдыруға еш негіз жоқ», - дейді ол. Әскери Пириев сөзінің соңын бірлігіміз арқылы кез келген қиындықтан шығатынымызға сенімділік білдірді. «Сенемін. Біз біргеміз және бірлігіміз мығым кезде мықты екенімізге күмәнсіз сенемін. Вируспен күресте де ынтымағымыз ерекше қажет. Өзіңізді, туыстарыңыз бен жақындарыңызды қорғаңыздар! Бейбітшілік пен амандық тілеймін», - деп ойын тәмамдады.

-->