Нұр-Сұлтанда жедел-жәрдемді шақырту 2-2,5 есеге азайды – Цой
ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой онлайн брифингте жағдайдың тұрақталып келе жатқанын мәлімдеді, деп хабарлайды Елорда Инфо. «30 шілдедегі жағдай бойынша еліміздегі коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 87 664-ке жетті. Соңғы тәуліктік көрсеткіш бойынша 1 472 жаңа жағдай тіркелді. Жалпы, жағдай тұрақталып келеді. Мысалы, Нұр-Сұлтан қаласындағы жедел жәрдемді шақырту 22 шілдеден 30 шілдеге дейінгі аралықта 2-2,5 есеге азайды. Соның ішінде коронавирустық инфекция бойынша 500-ден 80-ге дейін азайды. Қоңырау шалу 3 мыңнан 1 мыңға дейін төмендеді. Стационарлардағы орын санының жүктемесі 99 пайыздан 35,7 пайызға дейін кеміді», – деді ол.
-->ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой онлайн брифингте жағдайдың тұрақталып келе жатқанын мәлімдеді, деп хабарлайды Елорда Инфо. «30 шілдедегі жағдай бойынша еліміздегі коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 87 664-ке жетті. Соңғы тәуліктік көрсеткіш бойынша 1 472 жаңа жағдай тіркелді. Жалпы, жағдай тұрақталып келеді. Мысалы, Нұр-Сұлтан қаласындағы жедел жәрдемді шақырту 22 шілдеден 30 шілдеге дейінгі аралықта 2-2,5 есеге азайды. Соның ішінде коронавирустық инфекция бойынша 500-ден 80-ге дейін азайды. Қоңырау шалу 3 мыңнан 1 мыңға дейін төмендеді. Стационарлардағы орын санының жүктемесі 99 пайыздан 35,7 пайызға дейін кеміді», – деді ол.