Елімізде қайырымдылық жасаушыларға арналған арнайы сайт іске қосылады
«Арнау» даму орталығы» қоғамдық бірлестігінің басшысы Ұлан Әбішев жастар мен балалар арасында қайырымдылықты дәріптеу жобасында атқарылатын шаруалармен таныстырып өтті, деп хабарлайды Елорда Инфо тілшісі. «Бұл жобаны «Амал» деп атауымыздың өзінде бір мән бар. Тілімізде бұл сөз адамның әрекеті, қызметі деген мағына береді. Міне осы атау біздің идеологиямызбен тұспа-тұс келіп тұр. Біз қайырымдылық акциясын жаппай өткізуді жоспарлап отырмыз. Үлкен жастағы кісілердің өскелең ұрпаққа өз тәжірибесімен бөлісуі өте маңызды. Оның үстіне қазіргідей пандемия кезеңінде бұл мәселе өзектілігін арттырып отыр», - деді жоба жетекшісі алғы сөзінде. Ұлан Әбішев өз сөзінде қазір қайырымдылық қорлары көп екенін, алайда олардың бірлескен алаңы жоқ екенін тілге тиек етіп өтті. «Міне осыған орай біз арнайы сайт ашып, оның ішінде көмек түрлерін түрлі санатқа бөлдік. Қажет ақпараттың бәрі осы сайтқа шоғырланады. Бұл қайырымдылық жасағысы келген адамға да, мұқтаж жанға да өте қолайлы болмақ. Тиісті кісілердің телефон нөмірлері де осы сайтта көрсетіледі. Қазір осы бағытта жұмыс істеп жатырмыз. Сайттың мобильді қосымшасы бірге болады. Бұл жұмыс шілде айында басталды. Енді тамыз айында аяқтау жоспарымызда бар», - дейді Ұлан Әбішев. Сайтта қажет мәліметтермен қатар, заңнамалық тұрғыдан да арнайы кеңес берілетіні мәлім болды. «Қазір карантин кезеңі болғандықтан іс-шаралардың басым бөлігін онлайн форматта өткіземіз. Екіншіден, бұл жоба жайлы әлеуметтік желілерде түсіндіру жұмыстары барынша кеңінен жүргізіледі. Басымдық балалар мен жастарға беріледі. Тиісінше Facebook, Instagram, Telegram секілді әлеуметтік желілердің бәрінде аккаунтымыз ашылады», - дейді ол. «Арнау» даму орталығының» басшысы сөз арасында жоба аясында атқарылатын іс-шаралар жайлы қозғап өтті. «Біздің әдістемелік құрал аясында мазмұнды толтыру жағын арнайы қарастырдық. Яғни әдістемелік құралды біз «қайырымдылық жасаушылар» деп атаймыз, қазір ол бойынша жұмыс жүріп жатыр, жоба дайын. Алдағы айда біз оны дайындап, тамыз айының соңында осы оқу құралының 1000 данасын шығаруды жоспарлап отырмыз. Оның 500-і — мемлекеттік тілде, 500-і — орыс тілінде қарастырылған. Сондай-ақ, онлайн да нұсқасы қолжетімді болады, оны біз өз ресурстарымызда жариялаймыз», - деді Әбішев. Ол өз сөзінде қайырымдылық пен меценаттықты насихаттайтын 10 бейнеролик түсіріп, оны шығару жоспарда бар екенін қозғап өтті. Жоба өкілдері бірқатар қоғамдық бірлестіктермен түсірілім туралы келісіп қойған, енді жыл соңына дейін айына екі роликтен шығару жоспарланып отыр. «Онлайн-режимде және мүмкіндігінше офлайн-режимде бірқатар практикалық іс-шара өткізіледі. Біз екі университеттің пікірсайыс клубтарымен келістік, олар бізге қолдау көрсетті, олар баттл форматында өнер көрсетуге дайын. Бұл шара 5 қыркүйекте атап өтілетін Халықаралық Қайырымдылық күніне арналады. Әрі қарай, жастарға арналған ашық дәрістер сериясымен жалғасады. Біз бірқатар университеттермен келіссөз жүргіздік. Осы университеттердің базасында дәрістер өткіземіз. Бұл мақсатта жетекші спикерлерді шақырамыз, олар қайырымдылықты өткізу тәжірибесімен бөліседі», — деп атап өтті Ұ.Әбішев. Оның айтуынша, қайырымдылық аясында мектептер мен жоғары оқу орындары үшін әрқайсысы 50 адамды қамтитын 10 тренинг қарастырылған. «Мұның бәрі жағдайды ескере отырып, онлайн-режимде жүргізілетін болады. Біз үш тренингті Көкшетау, Қарағанды, Павлодар қалаларында өткізгіміз келеді. Сондай-ақ, бізде медиа тұлғалардың қатысуымен тікелей эфирлер сериясы қарастырылған. Қазір бұл тізімді дайындадық, ол өте ыңғайлы, үнемі біреу қосылады, енді бірі өз идеяларын ұсынады. Біз Instagram мен Youtube-те эфирлер өткіземіз. Бұл үшін барлық техникалық ресурстар бар. Аудиторияның қалауын ескере отырып, біз өте қызықты, мазмұнды жұмыс жүргіземіз деп ойлаймын», — деп Ұлан Әбішев ойын аяқтады.
-->«Арнау» даму орталығы» қоғамдық бірлестігінің басшысы Ұлан Әбішев жастар мен балалар арасында қайырымдылықты дәріптеу жобасында атқарылатын шаруалармен таныстырып өтті, деп хабарлайды Елорда Инфо тілшісі. «Бұл жобаны «Амал» деп атауымыздың өзінде бір мән бар. Тілімізде бұл сөз адамның әрекеті, қызметі деген мағына береді. Міне осы атау біздің идеологиямызбен тұспа-тұс келіп тұр. Біз қайырымдылық акциясын жаппай өткізуді жоспарлап отырмыз. Үлкен жастағы кісілердің өскелең ұрпаққа өз тәжірибесімен бөлісуі өте маңызды. Оның үстіне қазіргідей пандемия кезеңінде бұл мәселе өзектілігін арттырып отыр», - деді жоба жетекшісі алғы сөзінде. Ұлан Әбішев өз сөзінде қазір қайырымдылық қорлары көп екенін, алайда олардың бірлескен алаңы жоқ екенін тілге тиек етіп өтті. «Міне осыған орай біз арнайы сайт ашып, оның ішінде көмек түрлерін түрлі санатқа бөлдік. Қажет ақпараттың бәрі осы сайтқа шоғырланады. Бұл қайырымдылық жасағысы келген адамға да, мұқтаж жанға да өте қолайлы болмақ. Тиісті кісілердің телефон нөмірлері де осы сайтта көрсетіледі. Қазір осы бағытта жұмыс істеп жатырмыз. Сайттың мобильді қосымшасы бірге болады. Бұл жұмыс шілде айында басталды. Енді тамыз айында аяқтау жоспарымызда бар», - дейді Ұлан Әбішев. Сайтта қажет мәліметтермен қатар, заңнамалық тұрғыдан да арнайы кеңес берілетіні мәлім болды. «Қазір карантин кезеңі болғандықтан іс-шаралардың басым бөлігін онлайн форматта өткіземіз. Екіншіден, бұл жоба жайлы әлеуметтік желілерде түсіндіру жұмыстары барынша кеңінен жүргізіледі. Басымдық балалар мен жастарға беріледі. Тиісінше Facebook, Instagram, Telegram секілді әлеуметтік желілердің бәрінде аккаунтымыз ашылады», - дейді ол. «Арнау» даму орталығының» басшысы сөз арасында жоба аясында атқарылатын іс-шаралар жайлы қозғап өтті. «Біздің әдістемелік құрал аясында мазмұнды толтыру жағын арнайы қарастырдық. Яғни әдістемелік құралды біз «қайырымдылық жасаушылар» деп атаймыз, қазір ол бойынша жұмыс жүріп жатыр, жоба дайын. Алдағы айда біз оны дайындап, тамыз айының соңында осы оқу құралының 1000 данасын шығаруды жоспарлап отырмыз. Оның 500-і — мемлекеттік тілде, 500-і — орыс тілінде қарастырылған. Сондай-ақ, онлайн да нұсқасы қолжетімді болады, оны біз өз ресурстарымызда жариялаймыз», - деді Әбішев. Ол өз сөзінде қайырымдылық пен меценаттықты насихаттайтын 10 бейнеролик түсіріп, оны шығару жоспарда бар екенін қозғап өтті. Жоба өкілдері бірқатар қоғамдық бірлестіктермен түсірілім туралы келісіп қойған, енді жыл соңына дейін айына екі роликтен шығару жоспарланып отыр. «Онлайн-режимде және мүмкіндігінше офлайн-режимде бірқатар практикалық іс-шара өткізіледі. Біз екі университеттің пікірсайыс клубтарымен келістік, олар бізге қолдау көрсетті, олар баттл форматында өнер көрсетуге дайын. Бұл шара 5 қыркүйекте атап өтілетін Халықаралық Қайырымдылық күніне арналады. Әрі қарай, жастарға арналған ашық дәрістер сериясымен жалғасады. Біз бірқатар университеттермен келіссөз жүргіздік. Осы университеттердің базасында дәрістер өткіземіз. Бұл мақсатта жетекші спикерлерді шақырамыз, олар қайырымдылықты өткізу тәжірибесімен бөліседі», — деп атап өтті Ұ.Әбішев. Оның айтуынша, қайырымдылық аясында мектептер мен жоғары оқу орындары үшін әрқайсысы 50 адамды қамтитын 10 тренинг қарастырылған. «Мұның бәрі жағдайды ескере отырып, онлайн-режимде жүргізілетін болады. Біз үш тренингті Көкшетау, Қарағанды, Павлодар қалаларында өткізгіміз келеді. Сондай-ақ, бізде медиа тұлғалардың қатысуымен тікелей эфирлер сериясы қарастырылған. Қазір бұл тізімді дайындадық, ол өте ыңғайлы, үнемі біреу қосылады, енді бірі өз идеяларын ұсынады. Біз Instagram мен Youtube-те эфирлер өткіземіз. Бұл үшін барлық техникалық ресурстар бар. Аудиторияның қалауын ескере отырып, біз өте қызықты, мазмұнды жұмыс жүргіземіз деп ойлаймын», — деп Ұлан Әбішев ойын аяқтады.