"Бәйтерек" монументінің сәулетшісі қайтыс болды
2020 жылғы 29 шілдеде Алматы қаласында Қазақстан Сәулетшілер одағының президенті Рүстембеков Ақмырза Исаұлы кенеттен өмірден озды, деп хабарлайды Елорда Инфо. ⠀ Ақмырза Рүстембеков - Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстанның құрметті сәулетшісі, Шығыс елдерінің халықаралық Сәулет академиясының корреспондент-мүшесі, Қазақ Бас сәулет-құрылыс академиясының құрметті профессоры, Ресей Сәулетшілер одағының құрметті мүшесі, Қазақстан Дизайнерлер одағының мүшесі.⠀ ⠀ "Астана-Бәйтерек" нысаны үшін 2002 жылғы Үздік құрылысы арқылы ТМД елдерінің сәулетшілер одағы Халықаралық қауымдастығының Х байқауында Гран-при және алтын медаль иеленді; 2003 жылы София қаласында өткен Дүниежүзілік сәулет триенналында күміс медаль; 2003 жылы Бішкек қаласында өткен Сәулет фестивалінде Қырғыз Республикасы Сәулетшілер одағының Гран-при және алтын медаль иегері атанды.⠀ ⠀ 2004 жылы Ресей Сәулетшілер одағының "Сәулетшілер Достастығына адалдығы үшін" медалімен марапатталған.
-->2020 жылғы 29 шілдеде Алматы қаласында Қазақстан Сәулетшілер одағының президенті Рүстембеков Ақмырза Исаұлы кенеттен өмірден озды, деп хабарлайды Елорда Инфо. ⠀ Ақмырза Рүстембеков - Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстанның құрметті сәулетшісі, Шығыс елдерінің халықаралық Сәулет академиясының корреспондент-мүшесі, Қазақ Бас сәулет-құрылыс академиясының құрметті профессоры, Ресей Сәулетшілер одағының құрметті мүшесі, Қазақстан Дизайнерлер одағының мүшесі.⠀ ⠀ "Астана-Бәйтерек" нысаны үшін 2002 жылғы Үздік құрылысы арқылы ТМД елдерінің сәулетшілер одағы Халықаралық қауымдастығының Х байқауында Гран-при және алтын медаль иеленді; 2003 жылы София қаласында өткен Дүниежүзілік сәулет триенналында күміс медаль; 2003 жылы Бішкек қаласында өткен Сәулет фестивалінде Қырғыз Республикасы Сәулетшілер одағының Гран-при және алтын медаль иегері атанды.⠀ ⠀ 2004 жылы Ресей Сәулетшілер одағының "Сәулетшілер Достастығына адалдығы үшін" медалімен марапатталған.