Нұр-Сұлтанда санитарлық нормаларды бұзған 15 нысан жабылды
Нұр-Сұлтанда полиция қызметкерлері эпидемиологтар, әкімдік қызметкерлерімен бірге қызметі рұқсат етілген нысандарда санитарлық нормалардың сақталуын күнделікті тексеріп, рейдтер жүргізіп жүр. Бұл туралы Елорда Инфо тілшісі әкімдіктің ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды. Қызметкерлерін қорғаныс құралдарымен, орталықтандырылған тасымалдаумен қамтамасыз етпей, дезинфекция жұмыстарын жүргізбегені үшін 15 нысан қызметі тоқтатылды. Жұмысы тоқтатылған нысандардың қатарында құрылыс компаниялары, тапсырыспен айналысатын мейрамханалар мен қонақүй бар. Елорда компанияларының басым бөлігі санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды қатаң сақтап жатыр. Жұмыс уақыты таңғы сағат 9-дан кешкі 18-ге дейін (бұл тамақ тасымалдайтын орындарға қатысты емес). Қызметкерлерді тасымалдау ұйымдастырылды. Олар арнайы киіммен, қорғаныс құралдарымен қамтамасыз етілді. Қызметкерлер санитарлық өңдеуден өтеді. «Бұл қалада қалған адамдар. 50%-дан астамы аудандарға кетті. Жұмысқа жақын жерде тұратын қызметкерлер шығып жатыр. Таңертең сағат 9-ға дейін және кешкі сағат 18-ден кейін қызметкерлер тепловизорда ЖРВИ белгілерінің бар-жоғына тексеріледі. Жұмысшыларды тексеріп тұратын медицина саласының қызметкерлері штатқа қабылданды. Кіреберісте контролёр әрбір клиентті тепловизорда тексеріп тұрады», – деді «Мегастрой» құрылыс гипермаркеті директорының орынбасары Оксана Сухорукова. Гипермаркетке кіреберісте арнайы белгі жасалды. Санитарлық нормаларды сақтауға ыңғайлы болу үшін адамдар арасындағы ара қашықтық – екі метр. «Сатып алушылар кезекпен кіреді. Бізде жеті касса жұмыс істейді. Кассада 2-3 клиенттен артық болмауын қадағалаймыз. Дәліз толығымен дезинфекцияланады. Залда санитайзерлер орнатылды. Клиенттерге маскамен кіруге ғана рұқсат. Сағат сайын дезинфекция жұмыстары өткізіліп тұрады», – деді О. Сухорукова. Санитарлық нормалар мен карантин режимін сақтамаған жағдайда елорда нысандарының қызметі тоқтатылады. Қалада коронавирустың таралуына жол бермеу мақсатында қатаң ережелер қабылданды.
-->Нұр-Сұлтанда полиция қызметкерлері эпидемиологтар, әкімдік қызметкерлерімен бірге қызметі рұқсат етілген нысандарда санитарлық нормалардың сақталуын күнделікті тексеріп, рейдтер жүргізіп жүр. Бұл туралы Елорда Инфо тілшісі әкімдіктің ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды. Қызметкерлерін қорғаныс құралдарымен, орталықтандырылған тасымалдаумен қамтамасыз етпей, дезинфекция жұмыстарын жүргізбегені үшін 15 нысан қызметі тоқтатылды. Жұмысы тоқтатылған нысандардың қатарында құрылыс компаниялары, тапсырыспен айналысатын мейрамханалар мен қонақүй бар. Елорда компанияларының басым бөлігі санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды қатаң сақтап жатыр. Жұмыс уақыты таңғы сағат 9-дан кешкі 18-ге дейін (бұл тамақ тасымалдайтын орындарға қатысты емес). Қызметкерлерді тасымалдау ұйымдастырылды. Олар арнайы киіммен, қорғаныс құралдарымен қамтамасыз етілді. Қызметкерлер санитарлық өңдеуден өтеді. «Бұл қалада қалған адамдар. 50%-дан астамы аудандарға кетті. Жұмысқа жақын жерде тұратын қызметкерлер шығып жатыр. Таңертең сағат 9-ға дейін және кешкі сағат 18-ден кейін қызметкерлер тепловизорда ЖРВИ белгілерінің бар-жоғына тексеріледі. Жұмысшыларды тексеріп тұратын медицина саласының қызметкерлері штатқа қабылданды. Кіреберісте контролёр әрбір клиентті тепловизорда тексеріп тұрады», – деді «Мегастрой» құрылыс гипермаркеті директорының орынбасары Оксана Сухорукова. Гипермаркетке кіреберісте арнайы белгі жасалды. Санитарлық нормаларды сақтауға ыңғайлы болу үшін адамдар арасындағы ара қашықтық – екі метр. «Сатып алушылар кезекпен кіреді. Бізде жеті касса жұмыс істейді. Кассада 2-3 клиенттен артық болмауын қадағалаймыз. Дәліз толығымен дезинфекцияланады. Залда санитайзерлер орнатылды. Клиенттерге маскамен кіруге ғана рұқсат. Сағат сайын дезинфекция жұмыстары өткізіліп тұрады», – деді О. Сухорукова. Санитарлық нормалар мен карантин режимін сақтамаған жағдайда елорда нысандарының қызметі тоқтатылады. Қалада коронавирустың таралуына жол бермеу мақсатында қатаң ережелер қабылданды.