Азық-түлік бағасын тұрақтандыру бойынша ауқымды жұмыстар жүргізіліп жатыр – Бекмұрзаев
Нұр-Сұлтан қаласы Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасының басшысы Ерлан Бекмұрзаев онлайн брифингте елордадағы әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағаларын тұрақтандыру бойынша атқарылып жатқан жұмыстар туралы айтты, деп хабарлайды Елорда Инфо. «Жыл басында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағалары 111,8 пайызды құрады. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 1,8 пайызға төмен. Ал бағалары өскен азық-түліктің түрлері негізінен көкөністер мен қант, макарон, сиыр еті және басқа. Ал орамжапырақтың бағасы 12,8 пайызға, сол сияқты күріш және құс еті мен тауық жұмыртқасының бағасы төмендеді. Бағаның қымбаттауы қаңтар-сәуір айларында жүрсе, жаңа өнімдер бағасының әсуіне байланысты баға қайтадан арзандай бастады. Бағаны тұрақтандыру бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр. 20 мың тонна өнім бойынша келісімшартқа қол қойылды. Бұл ірі сауда орындарындағы азық-түлік бағасын бақылауға мүмкіндік береді. Осы келісімшарт бойынша биылғы желтоқсан айынан 2021 жылдың мамыр айына дейін, картоп, сәбіз, пияз, орамжапырақ және күріш, биылғы сәуірден 2021 жылдың сәуіріне дейін күнбағыс майының бағасы бақылауда болады. Осы ретте азық-түлік бағасын тұрақтандыру жөнінде қосымша жергілікті бюджеттен 1 миллиард теңге қарастырылды. Жалпы, бұл жұмысқа 3,6 миллиард теңге бөлінген болатын», – деді ол.
-->Нұр-Сұлтан қаласы Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасының басшысы Ерлан Бекмұрзаев онлайн брифингте елордадағы әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағаларын тұрақтандыру бойынша атқарылып жатқан жұмыстар туралы айтты, деп хабарлайды Елорда Инфо. «Жыл басында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағалары 111,8 пайызды құрады. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 1,8 пайызға төмен. Ал бағалары өскен азық-түліктің түрлері негізінен көкөністер мен қант, макарон, сиыр еті және басқа. Ал орамжапырақтың бағасы 12,8 пайызға, сол сияқты күріш және құс еті мен тауық жұмыртқасының бағасы төмендеді. Бағаның қымбаттауы қаңтар-сәуір айларында жүрсе, жаңа өнімдер бағасының әсуіне байланысты баға қайтадан арзандай бастады. Бағаны тұрақтандыру бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр. 20 мың тонна өнім бойынша келісімшартқа қол қойылды. Бұл ірі сауда орындарындағы азық-түлік бағасын бақылауға мүмкіндік береді. Осы келісімшарт бойынша биылғы желтоқсан айынан 2021 жылдың мамыр айына дейін, картоп, сәбіз, пияз, орамжапырақ және күріш, биылғы сәуірден 2021 жылдың сәуіріне дейін күнбағыс майының бағасы бақылауда болады. Осы ретте азық-түлік бағасын тұрақтандыру жөнінде қосымша жергілікті бюджеттен 1 миллиард теңге қарастырылды. Жалпы, бұл жұмысқа 3,6 миллиард теңге бөлінген болатын», – деді ол.