Елорда жаңалықтары

Нұр-Сұлтанда жөндеу жұмыстарына байланысты жол учаскесі жабылады

20 сәуір мен 5 мамыр аралығында Нұр-Сұлтан қаласының оң жағалауындағы учаске жол жөндеу жұмыстарына байланысты жабылады, деп хабарлайды Елорда Инфо тілшісі әкімдіктің ресми сайтына сілтеме жасап. Сол себептен кептеліс болмау үшін көлік жүргізушілері жол жүру маршрутын алдын-ала жоспарлауы керек. Нұр-Сұлтан қаласы көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту бөлімі мен қалалық полиция департаментінің әкімшілік полиция басқармасы бірлесіп, Қ.Сәтпаев көшесі бойымен Б.Момышұлынан Қ.Мұңайтпасовқа дейін, Бөгенбай батыр даңғылы бойымен Сарыарқа даңғылынан Ш.Уәлиханов көшесіне дейін жөндеу жұмыстарын жоспарлап отыр. «20 сәуір мен 5 мамыр аралығында аталған учаскеде көлік қозғалысы жартылай жабылады. Жөндеу жұмыстарына байланысты жол төсемін жөндеу және іргелес аумақты абаттандыру жоспарланған. Елорда тұрғындары мен қала қонақтары жол кептелістерін болдырмау үшін жол қозғалысын алдын-ала жоспарлауы қажет», – делінген хабарламада.

-->