Елорда жаңалықтары

Елордада жылыту маусымы қашан аяқталады

Нұр-Сұлтан қаласы отын-энергетика кешені және коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Ернат Бәзіл бас қалада жылыту маусымы қашан аяқталатынын айтты, деп хабарлайды Елорда Инфо тілшісі. «Нұр-Сұлтанда жылыту маусымына дайындық және оны өткізу ережелеріне сәйкес, ауаның орташа температурасы бес тәулік бойы 10°C және одан жоғары болса, жылыту маусымын аяқтау туралы шешім қабылданады. Еліміздің бас қаласында жылыту маусымы 2019 жылдың 30 қыркүйегінде басталып, 2020 жылдың 21 сәуіріне дейін созылды, ол (205) күнді құрады, яғни жылыту маусымын аяқтау ертеңге жоспарланған», - деп хабарлады Ернат Бәзіл. Оның айтуынша, есепті кезеңде энергия көздерінде, жылу және электр желілерінде авариялық ажыратулар мен бірінші дәрежелі істен шығулар тіркелген жоқ. Ал қаланың энергия көздеріне 2 767 мың тонна көмір (37 437 вагон), 5 226 мың тонна мазут (87 цистерна) жұмсалды.

-->