Сәтпаев қаласындағы оқиға: 5 жасар қызды зорлады деген күдікпен бір адам қамауға алынды
Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев Сәтпаев қаласында болған оқиғаға қатысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Елорда Инфо тілшісі. «23 шілде күні кешкі сағат 9-да Сатпаев қаласының Ішкі істер басқармасына 5 жасар қыздың жоғалғаны туралы арыз түсті. Дереу іздестіру нәтижесінде бүлдіршін қаладағы бір үйден табылды. Кішкентай қызды зорлады деген күдікпен бір азамат қамауға алынды. Бірақ бірнеше адам күдіктіні өз қолдарына беруді талап етті, жанжал шығарды», - дейді министр. Ол өз сөзінде бұзақылық жасап, полицейлерге қарсылық танытқандар болғанын қозғап өтті. «Тәртіпсіздікке жол бермеу үшін қосымша полиция күштері тартылып, жағдай бақылауға алынды. Бұл оқиға бойынша бірнеше баппен қылмыстық іс тіркелді. Тергеу амалдары жалғасуда. Елдегі қоғамдық тәртіп пен азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін полицейлер бар күшін жұмсайды», - дейді Е.Тұрғымбаев. Ведомство басшысы сөз арасында арандатушылыққа жол бермеуге шақырды. «Әлеуметтік желі арқылы тарап жатқан, жалған ақпараттарға сенбеңіздер! Және оны таратпаңыздар! Тек ресми ақпаратқа сенініздер! Ішкі істер министрлігі үнемі мониторинг жүргізіп, жағдайды бақылап отыр. Жалған, негізсіз ақпарат таратуға қатысты заңға сәйкес қылмыстық жауапкершілік қарастырылған», - деп сөзін аяқтады министр.
-->Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев Сәтпаев қаласында болған оқиғаға қатысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Елорда Инфо тілшісі. «23 шілде күні кешкі сағат 9-да Сатпаев қаласының Ішкі істер басқармасына 5 жасар қыздың жоғалғаны туралы арыз түсті. Дереу іздестіру нәтижесінде бүлдіршін қаладағы бір үйден табылды. Кішкентай қызды зорлады деген күдікпен бір азамат қамауға алынды. Бірақ бірнеше адам күдіктіні өз қолдарына беруді талап етті, жанжал шығарды», - дейді министр. Ол өз сөзінде бұзақылық жасап, полицейлерге қарсылық танытқандар болғанын қозғап өтті. «Тәртіпсіздікке жол бермеу үшін қосымша полиция күштері тартылып, жағдай бақылауға алынды. Бұл оқиға бойынша бірнеше баппен қылмыстық іс тіркелді. Тергеу амалдары жалғасуда. Елдегі қоғамдық тәртіп пен азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін полицейлер бар күшін жұмсайды», - дейді Е.Тұрғымбаев. Ведомство басшысы сөз арасында арандатушылыққа жол бермеуге шақырды. «Әлеуметтік желі арқылы тарап жатқан, жалған ақпараттарға сенбеңіздер! Және оны таратпаңыздар! Тек ресми ақпаратқа сенініздер! Ішкі істер министрлігі үнемі мониторинг жүргізіп, жағдайды бақылап отыр. Жалған, негізсіз ақпарат таратуға қатысты заңға сәйкес қылмыстық жауапкершілік қарастырылған», - деп сөзін аяқтады министр.