Елорда жаңалықтары

Қазақстанның мұнай-газ саласы үшін «Жаңа кәсіптер атласы» әзірленетін болады

Қазақстанның мұнай-газ саласындағы жаңа кәсіптер мен құзыреттер атласын әзірлеу болашақта сұранысқа ие мамандықтар мен дағдыларды анықтауға көмектеседі және нарықтың негізгі қатысушылары үшін ақпараттық құндылығы бар қарапайым қолданбалы құралға айналады, деп хабарлайды Елорда Инфо Энергетика министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К. Тоқаевтың «Игілік баршаға! Сабақтастық. Әділдік. Өрлеу» сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-қимыл жоспарының 39-тармағын іске асыру мақсатында, Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі «Еңбек нарығында сұранысқа ие жаңа кәсіптер мен құзыреттер атласы» (бұдан әрі - Атлас) жобасын іске асыру бойынша Жол картасын әзірлеп, бекітті. Атлас жобасын әзірлеу және іске асыру мәселелері бойынша келісілген іс-әрекеттерді жүзеге асыру үшін Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі, «KAZENERGY» Қазақстан мұнай-газ және энергетикалық кешені ұйымдарының қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігі, «BTS Education» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі және «ARG Group LTD» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі арасында Ынтымақтастық және өзара іс-қимыл туралы меморандумға қол қойылды. Қазақстанның мұнай-газ саласындағы жаңа кәсіптер мен құзыреттер атласын әзірлеу болашақта сұранысқа ие мамандықтар мен дағдыларды анықтауға көмектеседі және нарықтың негізгі қатысушылары үшін ақпараттық құндылығы бар қарапайым қолданбалы құралға айналады. Мысалы, жаңа кәсіп – smart-field жүйелерін әзірлеуші, ол көмірсутектерін өндіру көрсеткіштерін арттыру мақсатында мұнай қабатын басқаруға мүмкіндік беретін бағдарламалық және  техникалық құралдар кешенін әзірлеуді көздейді. Немесе мұнай-газ саласындағы тағы бір жаңа кәсіп – болашақ digital-технолог – кен орындарының өмірлік циклінн басқаруды автоматтандырудан тұратын мұнай-газ секторының тренді. Атлас қазақстандық білім беру ұйымдарына (университеттер, колледждер) және мұнай-газ компанияларына жаңа білім беру бағдарламалары мен кәсіби стандарттарды әзірлеу бойынша бірлескен қадамдар жасауға мүмкіндік береді. Тараптардың ынтымақтастығы трендтерді және олардың саладағы кәсіптердің трансформациясына әсерін анықтауға, таяудағы 10-15 жылға сұранысқа ие кәсіптер мен құзыреттерді анықтауға, сондай-ақ кадрларды даярлауға мүдделі саланың негізгі оқу орындары мен кәсіпорындарын көрсете отырып, жаңа кәсіптерді жергіліктендіру бағдарламасын айқындауға мүмкіндік береді.

-->