Елордалық бизнесті қандай сұрақ мазалайды – «Атамекен» жауабы
Нұр-Сұлтан қаласы Атамекен кәсіпкерлер палатасының директоры Алмат Жүнісов 20 сәуірден бастап астанада рұқсат етілген кәсіпкерлік субъектілерінің қызметі жайлы айтты, деп хабарлайды Елорда Инфо тілшісі. Палата басшысы рұқсат етілген субъект қызметкерлері қалада қызметтік көлікпен немесе арнайы анықтамамен жүруі тиіс деді. Бұған қоса, жұмыс орындарында тазалық шаралары қатаң сақталып, көп адамның бір жерде жиналуына жол берілмеу керек. Жұмыскерлер бір-бірінен алшақ отырып, алшақ жүруі міндетті. Бұған қоса, ол кәсіпкерлердің қазіргі проблемаларын да атап өтті. «Қазір бизнестен көп сұрақ түсіп жатыр. Жедел штабтарға, Call орталықтарға да түседі. Бизнестен келісімшарттар, банктер, салықтар бойынша сұрақтар жиі түседі. Қазір жалға алу бойынша сұрақтар көп. Әсіресе, өткен айда көп болды. Біз бұл сұрақтарды талдап, жалға берушімен келісуге тырысамыз. Жалға беруші мен жалға алушылар мәселесі бойынша көптеген проблема шешілді. Сондай-ақ, жұмыспен қамту – үлкен мәселе. Шағын және орта бизнес саласында шамамен 360 мың адам жұмыс істейді. Қазір жұмыскерлерін ақысыз демалысқа жіберген компаниялар көп. Енді «Атамекен» ұлттық палатасы алаңында үкіметпен бірлесіп, экономиканы жылдам қалпына келтіру бойынша шаралар әзірленеді», - деді Жүнісов Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің баспасөз орталығында өткен брифингте.
-->Нұр-Сұлтан қаласы Атамекен кәсіпкерлер палатасының директоры Алмат Жүнісов 20 сәуірден бастап астанада рұқсат етілген кәсіпкерлік субъектілерінің қызметі жайлы айтты, деп хабарлайды Елорда Инфо тілшісі. Палата басшысы рұқсат етілген субъект қызметкерлері қалада қызметтік көлікпен немесе арнайы анықтамамен жүруі тиіс деді. Бұған қоса, жұмыс орындарында тазалық шаралары қатаң сақталып, көп адамның бір жерде жиналуына жол берілмеу керек. Жұмыскерлер бір-бірінен алшақ отырып, алшақ жүруі міндетті. Бұған қоса, ол кәсіпкерлердің қазіргі проблемаларын да атап өтті. «Қазір бизнестен көп сұрақ түсіп жатыр. Жедел штабтарға, Call орталықтарға да түседі. Бизнестен келісімшарттар, банктер, салықтар бойынша сұрақтар жиі түседі. Қазір жалға алу бойынша сұрақтар көп. Әсіресе, өткен айда көп болды. Біз бұл сұрақтарды талдап, жалға берушімен келісуге тырысамыз. Жалға беруші мен жалға алушылар мәселесі бойынша көптеген проблема шешілді. Сондай-ақ, жұмыспен қамту – үлкен мәселе. Шағын және орта бизнес саласында шамамен 360 мың адам жұмыс істейді. Қазір жұмыскерлерін ақысыз демалысқа жіберген компаниялар көп. Енді «Атамекен» ұлттық палатасы алаңында үкіметпен бірлесіп, экономиканы жылдам қалпына келтіру бойынша шаралар әзірленеді», - деді Жүнісов Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің баспасөз орталығында өткен брифингте.