Елорда жаңалықтары

Денсаулық сақтау министрі 100 жылжымалы медициналық көмек көрсету кешені туралы айтты

ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой онлайн брифингте 100 жылжымалы медициналық көмек көрсету кешені туралы айтты, деп хабарлайды Елорда Инфо. «Кешенді медициналық көмек көрсету негізінен өңірлерге жөнелтіледі. Әсіресе ауылдық жерлерге барады. Онда рентгенге түсіру, ЭКГ, талдамаға қан қабылдау сияқты басқа да қызмет көрсетіледі. Бұл қызмет түрі жақын арада іске асырылады», – деді ол. Оның сөзінше, бүгінде эпидахуал біртіндеп жақсарып келеді. Дертке шалдығу көрсеткіші 4 пайыздан 2,2 пайызға төмендеген. Ел бойынша жедел жәрдем шақырту саны да 23 пайызға, кейбір қалаларда екі есеге азайған. Ал коронавирустан емделіп шыққандар 60 пайыздан артқан.

-->