«Тәні саудың – жаны сау»: Елорда студенттері жаппай флешмоб ұйымдастырды
Челлендж «Біз біргеміз!» акциясы аясында өтіп жатыр, деп хабарлайды Елорда Инфо тілшісі әкімдіктің ресми сайтына сілтеме жасап. Нұр-Сұлтан қаласы жоғары оқу орындарының студенттері жаппай флешмоб ұйымдастырды. Төтенше жағдай режимі енгізілгеннен кейін 16 оқу орны қашықтан оқытуға көшті. Бос уақытын тиімді өткізу үшін жастар салауатты өмір салтын қолдау акциясын бастады. Жоғары оқу орындары мен колледж оқушылары әлеуметтік желіде жаттығу видеоларын жариялады. Жаттығуларға орындықтар, су құйылған бөтелкелер, доптар, басқа да қолжетімді заттар пайдаланылуда. «Біз біргеміз» акциясы аясында «Тәні саудың – жаны сау» челленджі өтіп жатыр. Флешмоб мақсаты – бос уақытты денсаулыққа пайдалы етіп өткізу», – дейді жастар ісі жөніндегі комитет төрағасы, «Тұран-Астана» университетінің магистрі Темірлан Қайыржанов. Айта кету керек, акцияға елорда жастары белсенді қатысып жатыр. Ал флешмобқа дене шынықтыру пәнінің мұғалімі бастамашы болды. «Карантинге байланысты біз, Экономика университетінің студенттері салауатты өмір салтын насихаттау үшін флешмоб өткізуге жиналдық. Оның бастамашысы - дене шынықтыру пәнінің мұғалімі. Біз эстафетаны барлық басқа университетке жолдап, қазақстандықтарды спортпен шұғылдануға шақырамыз», – деді Нұр-Сұлтан қаласы КазЭҚХСУ (Экономика университеті) студенті Сәбит Рамазан.
-->Челлендж «Біз біргеміз!» акциясы аясында өтіп жатыр, деп хабарлайды Елорда Инфо тілшісі әкімдіктің ресми сайтына сілтеме жасап. Нұр-Сұлтан қаласы жоғары оқу орындарының студенттері жаппай флешмоб ұйымдастырды. Төтенше жағдай режимі енгізілгеннен кейін 16 оқу орны қашықтан оқытуға көшті. Бос уақытын тиімді өткізу үшін жастар салауатты өмір салтын қолдау акциясын бастады. Жоғары оқу орындары мен колледж оқушылары әлеуметтік желіде жаттығу видеоларын жариялады. Жаттығуларға орындықтар, су құйылған бөтелкелер, доптар, басқа да қолжетімді заттар пайдаланылуда. «Біз біргеміз» акциясы аясында «Тәні саудың – жаны сау» челленджі өтіп жатыр. Флешмоб мақсаты – бос уақытты денсаулыққа пайдалы етіп өткізу», – дейді жастар ісі жөніндегі комитет төрағасы, «Тұран-Астана» университетінің магистрі Темірлан Қайыржанов. Айта кету керек, акцияға елорда жастары белсенді қатысып жатыр. Ал флешмобқа дене шынықтыру пәнінің мұғалімі бастамашы болды. «Карантинге байланысты біз, Экономика университетінің студенттері салауатты өмір салтын насихаттау үшін флешмоб өткізуге жиналдық. Оның бастамашысы - дене шынықтыру пәнінің мұғалімі. Біз эстафетаны барлық басқа университетке жолдап, қазақстандықтарды спортпен шұғылдануға шақырамыз», – деді Нұр-Сұлтан қаласы КазЭҚХСУ (Экономика университеті) студенті Сәбит Рамазан.