Елорда жаңалықтары

Коронавирус: Елордада қанша экспресс тест жасалғаны белгілі болды

Нұр-Сұлтан қаласы қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы Сәуле Қисықова астанада қанша экспресс тест жасалғанын айтты, деп хабарлайды Елорда Инфо тілшісі. «9-16 сәуір аралығында 8 716 экспресс тест жасалды. Олардың 106-сы немесе 1,3 пайызы оң нәтиже көрсеткен. Тексерілген адамның барлығы провизорлық стационарға дер кезінде жатқызылды. Әрі қарай ПЦР диагностика жасалып, коронавирустық инфекцияның бар-жоғы анықталды. Азаматтардың 70-інің талдауы теріс нәтиже көрсетіп, ауруханадан шығарылды. Бір адамда талдау оң нәтиже көрсетті», - деді Сәуле Қисықова арнайы брифингте.

-->