Елорда жаңалықтары

Елорданың 180 мыңнан астам тұрғыны 42,5 мың теңге көлеміндегі көмекті алды

15 сәуірге дейін 42,5 мың теңге көлеміндегі әлеуметтік көмекке өтініш білдірген 180 мыңнан астам қала тұрғыны төлем алды. Өтінім бергендер арасында қайталанған өтініштер және көмек алатын санатқа енбейтін тұлғалар бар. Бұл туралы қалалық штаб ақпарат таратты, хабарлайды Елорда Инфо тілшісі әкімдіктің ресми сайтына сілтеме жасап. «Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 42,5 мың теңге көлеміндегі әлеуметтік төлем алушылардың тізімі ұлғайтылды. Төтенше жағдай кезінде қаржылай көмекті бұрын ресми жұмыс істеген адамдар ғана емес, бір жылдан бері декреттік демалыстағы өзін-өзі жұмыспен қамтыған әйелдер де, сондай-ақ студенттер де алады. Барлық өтінімді қарап жатырмыз. Алайда әлеуметтік көмекті алуға өтінішті тек арнайы санатқа енетін азаматтар жолдауы тиіс», – деді Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Бақтияр Мәкен. Атап өтсек, қала тұрғындары әлеуметтік төлем алуға өтінішті «Электронды үкімет» веб-порталы, telegrambot egov.kz немесе 42500.enbek.kz сайты арқылы онлайн-режимде бере алады. Сондай-ақ, жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының 55-14-87, 55-01-74, 55-69-59, 55-67-12 нөмірлері мен 109 (iKomek) арқылы кеңес алуға болады. Қалалық штаб құрамында «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ, Нұр-Сұлтан қалалық кәсіпкерлер палатасы, қалалық орта сапасы және бақылау басқармасы мен басқа да ұйым өкілдері жұмыс жасауда.

-->