Асқар Мамин коронавирус инфекциясынан қайтыс болған қазақстандықтардың отбасыларына көңіл айтты
ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин індетінен көз жұмған қазақстандықтардың отбасыларына көңіл айтты. Бұл туралы Елорда Инфо ҚР Премьер-Министрінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды. «Осынау күрделі кезеңде Қазақстан коронавирус індетімен күресуде. Өкінішке қарай, қауіпті індеттің салдарынан біздің отандастарымыз да көз жұмуда. Қайтыс болғандардың туған-туыстары мен жақындарына аса қайғыра отырып көңіл айтамын. Мемлекет басшысының шешімі бойынша 13 шілде COVID-19 індетінен қайтыс болған қазақстандықтарды еске алу үшін Жалпыұлттық аза тұту күні болып жарияланды. Қабылданып жатқан шаралар халқымыздың табандылығы мен ерік-жігерін және өз күшіне деген сенімін тағы бір көрсете отырып, бізге індеттің таралуын тоқтатуға мүмкіндік беретініне сенімдімін.
-->ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин індетінен көз жұмған қазақстандықтардың отбасыларына көңіл айтты. Бұл туралы Елорда Инфо ҚР Премьер-Министрінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды. «Осынау күрделі кезеңде Қазақстан коронавирус індетімен күресуде. Өкінішке қарай, қауіпті індеттің салдарынан біздің отандастарымыз да көз жұмуда. Қайтыс болғандардың туған-туыстары мен жақындарына аса қайғыра отырып көңіл айтамын. Мемлекет басшысының шешімі бойынша 13 шілде COVID-19 індетінен қайтыс болған қазақстандықтарды еске алу үшін Жалпыұлттық аза тұту күні болып жарияланды. Қабылданып жатқан шаралар халқымыздың табандылығы мен ерік-жігерін және өз күшіне деген сенімін тағы бір көрсете отырып, бізге індеттің таралуын тоқтатуға мүмкіндік беретініне сенімдімін.