Елорда жаңалықтары

Әскер сапындағы 100 әскери міндетті қандай жұмыспен айналысып жүр

Президент Жарлығын орындау барысында Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің қаулысына сәйкес, елорданың Аумақтық қорғаныс бригадасының сапына запастағы 100 әскери міндетті (запастағы офицерлер, сержанттар, сарбаздар) шақырылды, деп хабарлайды Елорда Инфо тілшісі. Естеріңізге салсақ, Мемлекет басшысы елдегі Төтенше жағдайға байланысты 2 сәуір күні ҚР Қарулы күштерінің құрамында Аумақтық жасақты құру жөніндегі Жарлыққа қол қойған болатын. Нұр-Сұлтан қаласы Қорғаныс істер жөніндегі департаменттің мәліметінше, Аумақтық қорғаныс бригадасына қосылғандар қызметке келген кезде күн сайын медициналық бақылаудан өтеді. Сол сияқты қызмет уақыты аяқталған уақытта да міндетті түрде санитарлық-гигиеналық процедураларды жасайды. [caption id="attachment_9384" align="alignnone" width="696"] Фото Нұр-Сұлтан қаласы Қорғаныс істер жөніндегі департаменттің баспасөз қызметінен[/caption] Әскери міндеттілер бүгінде топ-топқа бөлініп, яғни жедел штабта кезекшілік атқаратын топ, қала аумағындағы дезинфекциялық жұмыстармен айналысатын топ, блок бекеттерде қызмет ететін топ, Аумақтық қорғаныс бригадасының жеке құрамын автокөлікпен тасымалдау жөніндегі мобильдік топ болып қызмет атқаруда. [caption id="attachment_9386" align="alignnone" width="696"] Фото Нұр-Сұлтан қаласы Қорғаныс істер жөніндегі департаменттің баспасөз қызметінен[/caption] Дезинфекциялық жұмыстармен айналысатын топ күн сайын Есіл (10-15 нысан) және Сарыарқа (15-20 нысан) аудандарындағы тұрғын үйлерге зарарсыздандыру жұмыстарын жүргізеді. [caption id="attachment_9388" align="alignnone" width="696"] Фото Нұр-Сұлтан қаласы Қорғаныс істер жөніндегі департаменттің баспасөз қызметінен[/caption] [caption id="attachment_9389" align="alignnone" width="696"] Фото Нұр-Сұлтан қаласы Қорғаныс істер жөніндегі департаменттің баспасөз қызметінен[/caption] Ал блок бекеттердегі топ екі ауысыммен, яғни күндізгі және түнгі ауысым бойынша жұмыс істейді. [caption id="attachment_9390" align="alignnone" width="696"] Фото Нұр-Сұлтан қаласы Қорғаныс істер жөніндегі департаменттің баспасөз қызметінен[/caption] Аумақтық қорғаныс бригадасының сапындағы әскери міндеттілер 3 айға дейін қызметтерін жалғастыруы мүмкін. Бәлкім, жағдайға қарай бұл мерзімнен ертерек аяқталуы да ғажап емес. Бұл туралы ҚР Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев Орталық коммуникациялық қызмет алаңында өткен брифингте айтқан болатын. Айта кетсек, әскери салада қызмет ететін әйелдер, 3 немесе одан да көп балалары барлар, мемлекеттік органдарда қызмет ететіндер және оқу орындарында іштей білім алып жатқандар әскери міндеттен босатылған. Ал Аумақтық қорғаныс бришада сапына шақырылғандар ҚР Қарулы күштердің қызметкері мәртебесіне ие болып, «Әскери қызмет және әскери қызметкердің мәртебесі» туралы Заңғы сәйкес, әлеуметтік тұрғыдағы барлық жеңілдік қарастырылған. Соның ішінде тамақпен және арнайы киім мен медициналық құрал-жабдықпен қамтамасыз етілген. Бұдан бөлек әскери шақыру кезінде әскери міндеттілердің бұған дейінгі қызметі мен лауазымы сақталып, мемлекет тарапынан оларға орташа жалақы төленіп отырса, жұмыс істемейтіндерге еңбек шартының ең төменгі мөлшеріндегі жалақы берілуде. Бүгінде Нұр-Сұлтан қаласы бойынша елорда әкімінің қаулысына сәйкес, Аумақтық қорғаныс бригадасына 100 әскери міндетті шақырылған. Олар қызметке кіріспес бұрын медициналық тексерістен өткен. [caption id="attachment_9392" align="alignnone" width="696"] Фото Нұр-Сұлтан қаласы Қорғаныс істер жөніндегі департаменттің баспасөз қызметінен[/caption] Жалпы, запастағы сардарлар мен сарбаздарды шақыру кезінде олардың денсаулығы мен отбасылық жағдайы, жасы назарға алынған. Негізінен бригадаға әсіресе еріктілер тартылған. Айта кету керек, ерікті түрде жүгінгендер қатар аз емес екен. Олар қазір күнделікті қызметі аяқталған соң үйлеріне қайтып отырады. Әскери мәндеттілер арнайы шақырту кезінде жеке гигиена мен коронавирус инфекциясына қатысты барлық тиісті талапты қатаң сақтайды.

-->