Елорда жаңалықтары

Қордың жұмысын жан-жақты тексеріп жатырмыз – Цой

ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой онлайн брифингте МӘМС қоры туралы айтты, деп хабарлайды Елорда Инфо. «Аудиторлық тексерістер жыл сайын өткізіліп тұрады. Нәтижесі Денсаулық сақтау министрлігіне жіберіледі. Жақында тексеруге кірістік. Қордың барлық материалдарын алып, қаржылық көрсеткішін, атқаратын қызметін, стратегиялық бағыттарын – бәрін қарастырып жатырмыз. Алайда қазіргі уақытта біз барлық күш-жігерімізді коронавируспен күреске жұмылдырып отырмыз. Сондықтан жақын арада қордың да жұмысын толықтай зерттеп шығамыз. Жалпы, біздің әріптестеріміз қазір күндіз-түні жұмыс істейді. 3-4 сағат қана ұйықтаймыз. Негізгі жұмыстарымыздың бірі – желілерді толықтай дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету», – деді А.Цой.

-->