ХҚО-ның әлеуметтік қызметтеріне өтінішті қашықтан беруге болады
Азаматтарға арналған үкімет өзге мемлекеттік органдармен бірлесіп, «қағаз» жүзінде көрсетілетін кейбір қызметтер бойынша өтінішті eGov порталындағы «Электронды өтініш» сервисі арқылы қашықтан беру мүмкіндігін қарастырды, деп хабарлайды Елорда Инфо. Енді «Электронды өтініштер» сервисі арқылы электрондық форматта қолжетімсіз әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы 24 қызметке өтініш беруге болады: жасына байланысты зейнетақы тағайындау, жүктілікке және босануға байланысты табысынан айырылу жағдайында әлеуметтік жәрдемақылар тағайындау, мемлекеттік арнайы жәрдемақылар тағайындау және т.б. Таяу арада бұл тізім тағы 6 қызметпен толықтырылады деп жоспарлануда, оның ішінде жерлеуге байланысты біржолғы төлем тағайындау, асыраушысынан айырылу жағдайында әлеуметтік төлем тағайындау және т.б. Өтініш беру үшін азамат электрондық цифрлық қолтаңба арқылы egov.kz сайтына кіруі керек. Одан кейін «Электрондық өтініштер» сервисін таңдап, қызметке онлайн тапсырыс беруі қажет. Содан кейін жеке ақпаратты, оның ішінде пошта мекенжайын, телефонды, қызмет атауын және т.б. толтыруы тиіс. Сондай-ақ құжаттардың сканерленген көшірмелері (қажет тізімді 1414 байланыс орталығынан немесе gov4c.kz сайтының «Мемлекеттік қызмет стандарттары» бөлімінен нақтылауға болады), қызмет алушының еркін үлгіде жазылған және қолтаңбасы қойылған өтініші қоса жүктелуі қажет. «Қабылдаушы» деген жерге қызмет алушының тіркелген жері бойынша аймақтық мемлекеттік орган таңдалуы тиіс. Мысалы, жүктілікке және босануға байланысты табысынан айрылу жағдайлары үшін әлеуметтік төлемдер қызмет үшін «Азаматтарға арналған үкіметтің» аймақтық филиалын, ал мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау қызметі бойынша Әлеуметтік бағдарламалар мен жұмыспен қамтуды үйлестіру бойынша аумақтық бөлімшелері көрсетілуі тиіс. Өтінімнің соңында ЭЦҚ-мен қол қою керек. Егер азаматтың жолдаған өтініші бойынша сұрақтар туындаса, мемлекеттік корпорацияның қызметкерлері қызмет алушыға өтінімді толтыру барысында көрсеткен ұялы телефонға хабарласады. Мемлекеттік қызметтің көрсетілу нәтижесі туралы ақпарат қызмет алушының порталдағы жеке кабинетіне келіп түседі.
-->Азаматтарға арналған үкімет өзге мемлекеттік органдармен бірлесіп, «қағаз» жүзінде көрсетілетін кейбір қызметтер бойынша өтінішті eGov порталындағы «Электронды өтініш» сервисі арқылы қашықтан беру мүмкіндігін қарастырды, деп хабарлайды Елорда Инфо. Енді «Электронды өтініштер» сервисі арқылы электрондық форматта қолжетімсіз әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы 24 қызметке өтініш беруге болады: жасына байланысты зейнетақы тағайындау, жүктілікке және босануға байланысты табысынан айырылу жағдайында әлеуметтік жәрдемақылар тағайындау, мемлекеттік арнайы жәрдемақылар тағайындау және т.б. Таяу арада бұл тізім тағы 6 қызметпен толықтырылады деп жоспарлануда, оның ішінде жерлеуге байланысты біржолғы төлем тағайындау, асыраушысынан айырылу жағдайында әлеуметтік төлем тағайындау және т.б. Өтініш беру үшін азамат электрондық цифрлық қолтаңба арқылы egov.kz сайтына кіруі керек. Одан кейін «Электрондық өтініштер» сервисін таңдап, қызметке онлайн тапсырыс беруі қажет. Содан кейін жеке ақпаратты, оның ішінде пошта мекенжайын, телефонды, қызмет атауын және т.б. толтыруы тиіс. Сондай-ақ құжаттардың сканерленген көшірмелері (қажет тізімді 1414 байланыс орталығынан немесе gov4c.kz сайтының «Мемлекеттік қызмет стандарттары» бөлімінен нақтылауға болады), қызмет алушының еркін үлгіде жазылған және қолтаңбасы қойылған өтініші қоса жүктелуі қажет. «Қабылдаушы» деген жерге қызмет алушының тіркелген жері бойынша аймақтық мемлекеттік орган таңдалуы тиіс. Мысалы, жүктілікке және босануға байланысты табысынан айрылу жағдайлары үшін әлеуметтік төлемдер қызмет үшін «Азаматтарға арналған үкіметтің» аймақтық филиалын, ал мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау қызметі бойынша Әлеуметтік бағдарламалар мен жұмыспен қамтуды үйлестіру бойынша аумақтық бөлімшелері көрсетілуі тиіс. Өтінімнің соңында ЭЦҚ-мен қол қою керек. Егер азаматтың жолдаған өтініші бойынша сұрақтар туындаса, мемлекеттік корпорацияның қызметкерлері қызмет алушыға өтінімді толтыру барысында көрсеткен ұялы телефонға хабарласады. Мемлекеттік қызметтің көрсетілу нәтижесі туралы ақпарат қызмет алушының порталдағы жеке кабинетіне келіп түседі.