Елорда жаңалықтары

Карантин екі аптадан кейін де ұзартылуы мүмкін бе – әкім жауабы

Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов онлайн брифингте «Карантин екі аптадан кейін тағы да созылуы мүмкін бе?» деген сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Елорда Инфо. «Әрине, ол тек сіз бен бізге байланысты. Егер санитарлық талапты қатаң сақтасақ, карантин уақыты ұзартылмайды. Ол бізге де қажет емес. Бизнеске де тиімсіз. Себебі өткен жолғы карантин кезінде барлық жұмыс тоқтағандықтан, мемлекетке едәуір шығын келді. Қала бюджеті 60 миллиард теңгеден қағылды. Бизнесмендер тарапынан салық та уақытша тоқтатылғандықтан, қазынаға түсетін қаржы азайды. Жалпы, карантин барлық салаға тиімсіз. Бірақ эпидахуалды жақсарту үшін бұл шара қажет. Өткен жолғы карантин кезінде жұртшылық санитарлық талапты қатаң сақтағанның арқасында жағдай жақсара бастаған. Алайда 11 мамырдан бастап Төтенше жағдай режимі алынып, карантин нормаларына жеңілдік енгізілгеннен кейін азаматтардың басым көпшілігі бұрынғыдай сақтануды ұмытып кетті. Сондықтан инфекция жұқтырғандар қатары күрт өсіп, осы жолғы карантинді енгізуге мәжбүр болып отырмыз. Дегенмен бұл жолы ашық базарлар мен мейрамханалардың ашық аспан астындағы қызмет көрсететін тамақтану орталықтарына рұқсат берілді. Өйткені үлкен қала болғандықтан, оған сұраныс бар. Сол сияқты көшеде 3 адамға дейін жүруге болады. Тек медициналық бетперде тағып жүруге міндетті. Жалпы, жұртшылықты санитарлық талапты сақтауға шақырамыз. Егер эпидахуал тұрақталса, карантин уақыты әрі қарай созылмайды», – деді ол.

-->