Күніне 250-300 адам инфекция жұқтыратын болса, осынша адам сол күні емделіп шығады – әкім
Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов пневмониямен ауырып жатқандар жайлы мәлімет берді, деп хабарлайды Елорда Инфо тілшісі. «Ресми мәліметтерге сәйкес, 5 894 адамнан COVID-19 инфекциясы анықталған болса, оның 1 224-інде пневмония табылды. Күніне 250-300 адам инфекция жұқтыратын болса, осынша адам сол күні емделіп шығады. Бұл біздің дәрігерлеріміздің үлкен жұмысы», - деді әкім. Айта кетейік, Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәуле Қисықова пневмониямен ауырғандар саны өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2,2 пайызға артқанын мәлім еткен болатын.
-->Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов пневмониямен ауырып жатқандар жайлы мәлімет берді, деп хабарлайды Елорда Инфо тілшісі. «Ресми мәліметтерге сәйкес, 5 894 адамнан COVID-19 инфекциясы анықталған болса, оның 1 224-інде пневмония табылды. Күніне 250-300 адам инфекция жұқтыратын болса, осынша адам сол күні емделіп шығады. Бұл біздің дәрігерлеріміздің үлкен жұмысы», - деді әкім. Айта кетейік, Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәуле Қисықова пневмониямен ауырғандар саны өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2,2 пайызға артқанын мәлім еткен болатын.