Коронавирус инфекциясынан қайтыс болғандарға арнайы зират қажет емес – А.Көлгінов
Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов коронавирус инфекциясынан қайтыс болғандарды жерлеу мәселесін түсіндіріп берді, деп хабарлайды Елорда Инфо тілшісі. «Денсаулық сақтау министрлігінің, еліміздің бас санитарлық дәрігерінің шешіміне сәйкес коронавирус инфекциясынан қайтыс болғандарға арнайы зират қажет емес. Жерлеу кезінде санитарлық нормалар толықтай сақталуы керек. Бұған қоса арнайы санитарлық жұмыстары бар. Өзгелермен қатар жерленеді», - деді елорда әкімі. Айта кетейік, Алтай Көлгінов жиын барысында астанада ашылған 8 лабораторияда тәулігіне 5 мыңға тарта тест тапсырылатынын мәлім еткен болатын.
-->Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов коронавирус инфекциясынан қайтыс болғандарды жерлеу мәселесін түсіндіріп берді, деп хабарлайды Елорда Инфо тілшісі. «Денсаулық сақтау министрлігінің, еліміздің бас санитарлық дәрігерінің шешіміне сәйкес коронавирус инфекциясынан қайтыс болғандарға арнайы зират қажет емес. Жерлеу кезінде санитарлық нормалар толықтай сақталуы керек. Бұған қоса арнайы санитарлық жұмыстары бар. Өзгелермен қатар жерленеді», - деді елорда әкімі. Айта кетейік, Алтай Көлгінов жиын барысында астанада ашылған 8 лабораторияда тәулігіне 5 мыңға тарта тест тапсырылатынын мәлім еткен болатын.