Алтай Көлгінов: Дәрі-дәрмек саудасын мобильді топ қатаң қадағалайды
Дәріханалар бағаны шектен тыс көтергені белгілі болса, 109 нөміріне шағымдануға болады. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов онлайн брифингте айтты, деп хабарлайды Елорда Инфо. «Дәрі-дәрмек бойынша көптеген шағым түсуде. Бұл ретте Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша мобильді топ құрдық. Елордалық құқыққорғау органдары, полицейлер мен прокуратура және басқа да мемлекеттік органдар дәрі-дәрмекті алып-сату жағдайын болдырмау мақсатында жұмыс жүргізіп жатыр. Сонымен қатар егер дәріханаларда шектен тыс бағаны көтеру сияқты жағдайды байқаған болса, тұрғындарға iKomek 109 арқылы да хабарласуға болады. 109 нөміріне келіп түскен ақпарат бойынша мобильдік тексеріс жүргізеді. Бұл жөнінде тіркелген деректер де бар. Бұған дейін дәріханалардан дәрілерді өте көп мөлшерде сатып алып кеткендер болған. Енді мұндайға жол бермес үшін дәріханалармен бір адамға дәріні шектеулі мөлшерде ғана сату жөнінде келістік», – деді елорда әкімі.
-->Дәріханалар бағаны шектен тыс көтергені белгілі болса, 109 нөміріне шағымдануға болады. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов онлайн брифингте айтты, деп хабарлайды Елорда Инфо. «Дәрі-дәрмек бойынша көптеген шағым түсуде. Бұл ретте Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша мобильді топ құрдық. Елордалық құқыққорғау органдары, полицейлер мен прокуратура және басқа да мемлекеттік органдар дәрі-дәрмекті алып-сату жағдайын болдырмау мақсатында жұмыс жүргізіп жатыр. Сонымен қатар егер дәріханаларда шектен тыс бағаны көтеру сияқты жағдайды байқаған болса, тұрғындарға iKomek 109 арқылы да хабарласуға болады. 109 нөміріне келіп түскен ақпарат бойынша мобильдік тексеріс жүргізеді. Бұл жөнінде тіркелген деректер де бар. Бұған дейін дәріханалардан дәрілерді өте көп мөлшерде сатып алып кеткендер болған. Енді мұндайға жол бермес үшін дәріханалармен бір адамға дәріні шектеулі мөлшерде ғана сату жөнінде келістік», – деді елорда әкімі.