Елордада науқастарға арнап 1 000-нан астам аппарат сатып алынады – әкім
Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов коронавирус инфекциясына арналған аппараттарды сатып алу мәселесін мәлім етті, деп хабарлайды Елорда Инфо тілшісі. «Біз қосымша медициналық құрал-жабдықтар аламыз. Қазір 200 ИВЛ аппаратына, 500 флоуметр (оттегі концентратына арналған), 500 оттегі концентратына тапсырыс бердік. Сол сияқты 2 компьютерлік томографияға да тапсырыс жіберілді. Компьютерлік томографияға түсетін жүктемені тепе-тең бөлу үшін астанадағы барлық республикалық және жекеменшік клиникаларды жұмылдырдық», - деді әкім. Пневмонияны бастапқы кезеңінде анықтау үшін айтылған клиникалардың бәрі үздіксіз жұмыс істеп тұрады. Айта кетейік, қала әкімі осыған дейін 13 стационар ашылып, онда 3 700-ден астам орын қарастырылғанын мәлім етті.
-->Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов коронавирус инфекциясына арналған аппараттарды сатып алу мәселесін мәлім етті, деп хабарлайды Елорда Инфо тілшісі. «Біз қосымша медициналық құрал-жабдықтар аламыз. Қазір 200 ИВЛ аппаратына, 500 флоуметр (оттегі концентратына арналған), 500 оттегі концентратына тапсырыс бердік. Сол сияқты 2 компьютерлік томографияға да тапсырыс жіберілді. Компьютерлік томографияға түсетін жүктемені тепе-тең бөлу үшін астанадағы барлық республикалық және жекеменшік клиникаларды жұмылдырдық», - деді әкім. Пневмонияны бастапқы кезеңінде анықтау үшін айтылған клиникалардың бәрі үздіксіз жұмыс істеп тұрады. Айта кетейік, қала әкімі осыған дейін 13 стационар ашылып, онда 3 700-ден астам орын қарастырылғанын мәлім етті.